Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті
16.08.2019
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласындағы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы бұл жолы "Кәсіпкерлік секторды дамыту мен қолдау, Нұр-Сұлтан қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктегі әкімшілік кедергілерді жою туралы" сұрақты талқыға салу форматында өтті.
Инвестиция және Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаевтың баяндамасы тыңдалды. Өз сөзінде спикер астанадағы шағын және орта бизнестің дамуындағы оң көрсеткіштер мен жетістіктерге жіті назар аудартты. Басқарманың ұсынып отырған дерегіне сенсек, шағын және орта бизнестің қала экономикасында алатын үлесі 55,5%- ды құрайды екен.
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар саны 11,2%-ға, ал ШОБ нысандары 23,3%-ға артқан. Сонымен қатар Ерлан Бекмырзаев іске асырылып жатқан мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың ШОБ-тің жаңа дәрежеге шығып, дамуына оң ықпалын тигізіп жатқанын жеткізді. Атап айтар болсақ "2020 бизнес жол картасы" бағдарламасы бойынша 26,8 млрд. теңгелік бағдарлама жүзеге асырылған. "Даму" КДҚ" АҚ-мен бірлесе отырып 5 жергідікті бағдарлама сәтті іске асырылған: "Астана Бизнес", "Astana ZhasStart", "Astana StartUp", "Astana Service", "Astana Retail". Астанадағы кәсіпкерліктің дамуына тек қана мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы ғана пайдасын тигізбейді, бүгінгі таңда саудагерлік бизнесті жүргізуге арналған жер телімдерін ұсынатын "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Осы бағдарламаның нәтижесінде қосалқы жалға алушылар мен кәсіпкерлер арасында 1 м.кв. 20 мың теңгені құрайтын 557 жер теліміне 7 жыл жалға алу мерзіміне алдын-ала келісімдер жүргізілген деп атап өтті Басқарма басшысы.
Бекмырзаев қалалық қызметтер орталығы iQala фронт-кеңсесінің ашылуына егжей-тегжейлі тоқталды. iQala-ның ерекшелігі бір ғана өтініш беру арқылы рәсімдеуге қатысатын барлық ұйымдардан рұқсат құжаттарын алуға болады. Орталық осы арқылы мемлекеттік қызметтердің мерзімін жеделдетіп, жемқорлықтың алдын алады. Баяндаманы талқылау алдымен бекітілген салық төлемдерін төмендету сұрағын талқылаудан басталды. Бұған баяндамашы тарапынан дәл осы сатыда боулинг саласындағы бизнеске арналған тарифтерді азайтуға әсер ететін тиісті нормативтік құжатты бекіту жүзеге асырылатыны айтылды. Еліміз бойынша сараптама жүргізу нәтижесінде астана кәсіпкерлері салық ретінде 72 АЕК төлесе, Алматыда бұл көрсеткіш 25 АЕК, Шымкент қаласында 20 АЕК- ті құрайды екен. Жер телімдерін жалға беру жобасы бойынша депутаттар беріліп жатқан жер телімдерінің игерілуіне, қосалқы жалға берілуіне қызығушылық танытты. Басқарманың дерегі бойынша, қазіргі уақытта берілген жер телімдері бойынша егжей-тегжейлі толық тексеріс жүргізіліп жатыр. Алаяқ инвесторлар фактілері тіркелген, жұмыстар атқарылуда, бір бөлігі өз міндеттерін атқаруға кіріскен, енді біреулерінен берілген жер телімдерін сот арқылы тартып алу жүргізіліп жатыр. Әрі қарай халық қалаулыларын бизнестің дамуына "Даму" бАнкі арқылы беріліп жатқан кредит жүйесі, сәтті іріктеулердің талаптары қызықтырды. Баяндамашының айтуынша, бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз алушылар үшін бастапқы бағалаушы болып табылатын екінші дәрежелі 9 банк қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Ерлан Бекмырзаев бағдарламаның шын мәнісінде табысты екенін және бастапқыда бизнес ашуға немесе оны дамытуға 3 млн. теңге жеткілікті болса, қазір бұл соманы 5 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Сарапшылардың пікірі бойынша Даму кредиттік бағдарламасы көптеген жақсартуларды қажет етеді.
Спикердің бұл сөзіне депутат Мирас Шекенов қолдау танытып, мемлекеттік және жергілікті аяда өткізіліп жатқан бағдарламалар арқылы жүргізіліп жатқан мемлекеттік жұмыстар шағын және орта бизнеске үлкен үлес қосқан. Сонымен қатар Мирас Ерғалиұлы шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар тарапынан сенімнің артқанын айтып, кәсіпкерлерге Даму бағдарламаларына жүгінуді ұсынды.
"1000 орын - сауда көшесі" бағдарламасы жайлы ақпарат депутаттардың көңіліне қонбады. Олардың ойынша, көшедегі дүңгіршектер үй жанындағы дүкендерге артық бақталас болып, санитарлық нормалар жағынан да басы артық мәселелер туғызады. Бұған спикер астанамызда қазіргі уақытта шыныменде жеміс-жидек, көкөністер бағасы қол жетімді сауда нысандарының аз екенін айтып жауап берді. Талқылауды жалғастыра отырып, халық қалаулылары басқармаға көше саудасы бағдарламасының оң және теріс жақтарын есепке алып, толық сараптама жүргізіп, тұрақты комиссия отырысының тыңдалымына ұсынсын деп тапсырма берді. Комиссия жұмыстарына мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, астана аудандарының әкім орынбасарлары, қалалық қызметтің бірінші жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.