16-шы округтің сайлаушыларын қандай сұрақтар толқытады?
20.04.2018
Мәслихат депутаттары өз міндеттерін орындай отырып, жыл сайын парламенттік қызметінің барысы жайлы, мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының жұмысы туралы хабардар ету үшін өз округтерінің сайлаушылары алдында есеп беру кездесулерін өткізеді.
2018 жылғы 18 сәуірде Ақжол көшесі 30Б мекенжайы бойынша орналасқан Құрылыс-техникалық колледжі ғимаратында Астана қаласы мәслихатының депутаты Манжанова Ирина Рихардовна № 16-шы сайлау округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті, оған сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Г.К.Касенов және елорданың «Байқоңыр» жаңа аудан әкімі Е.Е.Каналимов шақырылды.
Депутат азаматтар алдында өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Округ тұрғындары, сонымен бірге тұтастай қала тұрғындары көтерген сұрақтар бойынша оң шешімдер қабылданған және Ирина Рихардовна белсенді жұмыс атқарған мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, депутаттың партиялық, қоғамдық, демеушілік және қайырымдылық қызметі туралы айтылды.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, жиналысқа келген адамдар, депутат Ирина Манжановаға және «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимовқа аулаларды абаттандыру, көшелерді салу және жөндеу, тоқсан ішіндегі жарықтандыру, қоғамдық көліктердің кестелері мен маршруттары туралы және басқа да сұрақтарын тікелей қойды.
Кездесу соңында округ тұрғындары, басқарушы компаниялар мен мемлекеттік мекеме өкілдері депутаттың белсенді әлеуметтік-саяси қызметі үшін алғыс білдірді. Табысты жұмыс тілеп, сайлаушылардың мәселелі сұрақтарын шешу және қала азаматтары үшін жайлы жағдай жасау бойынша Ирина Манжанованың тиімді және ашық депутаттық қызметіне үміт артты.