Елорда депутаттық корпусының қала әкімімен кездесуі
20.06.2023
Бұған дейін тоқсан сайынғы кездесулер туралы хабарланғандай, елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің елорданың өзекті мәселелерін бірлесіп шешу үшін депутаттық корпуспен кезекті кездесуі өтті.
Қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов кездесуді аша отырып, мұндай кездесулер елорда тіршілігіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу үшін қажет екенін атап өтті. Екінші рет өтіп тұрған кездесуде көптеген мәселелер қозғалды, оның ішінде тұрғын алаптарын дамыту, ШОБ-ты қолдау, МЖӘ шарттарының сапалы орындалуы, ескі тұрғын үйлерді бұзу, есірткі құралдары мен олардың аналогтарын анықтау үшін қалаға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу, қоғамдық дәретханалар жұмысы және т.б. мәселелер. Көптеген бағыттарды іске асыру бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаттарына бекітілген. Міндеттер әрбір 17 округ бойынша Жол карталарында жазылған, оларды 5 жыл ішінде орындау қажет. Енді мәслихат депутаттары әкімнің елорда тұрғындарымен кездесуіне белсенді қатысатын болады.