ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
27.04.2018
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде. Астана қаласы мәслихатының депутаты С.Н. Бәтпеновтың №3-ші округ тұрғындарымен есеп беру жиналысы өтті. Округ тұрғындары жиналысқа белсенді қатысты.
2017 жылғы наурыздан бастап 2018 жылдың наурызына дейінгі округтегі жұмыс кезеңі туралы депутаттың есебі тыңдалды.
Одан әрі көптеген өмір салаларына байланысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, округ тұрғындары Астана қаласында Халықтар достығы үйін құру, қазақ тілін дамыту, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы, жолдардағы қауіпсіздік және т.б. мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, округ тұрғындарының тілектері айтылды, депутатқа нұсқаулар берілді. Жоғарыда айтылған барлық мәселелер депутаттың бақылауына алынды.
Қорытындылай келе, кездесу жемісті болды және достық пен жанды сұхбат жағдайында өтті деп айтуға болады.