Бүгін Астана қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының кезекті фракция отырысы өтті
16.06.2023
Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы біздің алдағы бағытымыздың төл құжаты десем де болады. Себебі, халықтың 3 мыңға жуық өтініштері мен талап-тілектері осы құжатта бекітілді. Біздің басты мақсат — тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру.
Қала әкімдігінің басқарма өкілдері сөз сөйлеп, Жол картасының орындалуы аясында ақпарат берді. Жұмыстың жүйелі іске асырылуы үшін бірқатар тапсырма берілді. Оның ішінде, құрылыс нысандарының жәй-күйін бақылау мен белгіленген мезгілде әлеуметтік маңызы бар нысандардың тапсырылуы.
Әрбір бағыт бойынша мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан мерзімдер мен олардың орындалуына жауапты тұлғалар бекітіліп, елордалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.
Сонымен қатар, жиында жаңа білім ордаларын салу қажеттілігі айтылды.
Аптаның әр жұма күні — «ПАРТИЯ КҮНІ» болып бекітілді. Халық қалаулылары әр жұма күні бағдарлама аясында салынып жатқан объектілерге барып, олардың орындалу барысын тексереді. Бастауыш партия ұйымдарымен қарым-қатынас орнатып, қоғамдық қабылдауларға, халықпен кездесулерге шығады.
Қаламыз үшін ең маңызды салалар — білім беру, денсаулық сақтау объектілері, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру мәселелері басты назарда.
Жиында депутаттық фракцияның жетекшісі болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды. Ал, орынбасары ретінде Динара Уразалина сайланды.