Қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар
12.06.2023
Қалалық мәслихатта қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өтті.
Қала аудандарының әкімдері стационарлық және модульдік дәретханалардың болуы, олардың орналасқан жері, жұмыс уақыты, жөндеу жүргізуге байланысты конкурстық рәсімдерді өткізу және проблемалық мәселелер туралы баяндады, оларды шешуге, сондай-ақ әрқайсысына 13-15 млн. теңге шегінде жаңа модульдік дәретханалар сатып алуға қосымша қаражат қажет. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің соңғы аялдамаларында модульдік дәретханаларды орнату қажеттілігі туралы да айтылды, оларға санитарлық қызмет көрсету қосымша инвестицияларды қажет етеді.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Еркін Өтебаев «Астана» ӘКК» АҚ - на кәсіпкерлерден қоғамдық дәретханалар салу жөнінде ұсыныстар келіп түсетінін хабарлады. Басқарма басшысының пікірінше, Астана қаласы аса көп қоғамдық дәретхананы қажет ететін ірі мегаполис емес екенін ескере отырып, қаржы қаражатын аудан әкімдіктеріне жіберген жөн.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімханов экология проблемаларына инвестициялық көзқарас бойынша ақпарат берді, модульдік дәретханаларды бірінші кезекте орнатуды қажет ететін қаладағы 11 орынның тізбесін ұсынды. Әкімжановтың пікірінше, егер пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылса, оны елордада кеңінен қолдануға болады. Жобаны іске асырудағы артықшылық модульдік дәретханалардың Астана қаласында шығарылатындығы болып табылады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев басшылардың қоғамдық дәретханалардың жұмысы туралы есебі тыңдалғанын, алайда отырыс қарсаңында депутаттар қоғамдық дәретханалардың қызметіне мониторинг жүргізгенін, олардың көпшілігі қазіргі уақытта жұмыс істемейтінін атап өтті.
Депутат Кендебай Адамбеков депутаттар қоғамдық тыңдауларға дайындық барысында қоғамдық дәретханаларға мониторинг жүргізгенін, біріншіден, депутаттар қоғамдық дәретханаларға бағыт көрсететін ешқандай белгі жоқ екеніне назар аударғанын айтты. Көптеген дәретханалар жұмыс істемейді және бұл жағдай слайдтармен расталады. Балаларымен бірге көптеген адам үнемі серуендейтін орталық саябақта жұмыс істейтін дәретханалар жетіспейтіні анық. Көптеген дәретханалар өте нашар күйде, жағымсыз иіске байланысты олардың маңында тұру мүмкін емес. Депутаттың айтуынша, жеке ақылы дәретханалар қоғамдық дәретханаларға қарағанда жақсы күйде ұсталады.
Депутат Талғат Ерғалиев ауданда 10 дәретхана жұмыс істейтінін айтқан Сарыарқа ауданының әкіміне ескерту жасады. Депутаттар 10 қоғамдық дәретхананың 2-еуі ғана жұмыс істейтінін анықтаған, бұл ретте дәретханаларға қызмет көрсетуге қаражат бөлінетіні белгілі. Қоғамдық дәретханалардың сыртқы келбеті өте жағымсыз, оларды қыс мезгілінен кейін тиісті күйге келтіру керек. Қоғамдық дәретханаларды салу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу қажет. Депутаттар басқарма басшыларының ұсыныстарын қолдауға дайын.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов көпшілік тыңдауларда көтерілген мәселе өте өзекті екенін айтты. Елордада халық саны өсуде, келушілер мен туристер көп. Бір апта бойы депутаттар мен бақылау тобының мүшелері 48 қоғамдық дәретхананы тексерді (әр дәретхананың суреттері слайдтарда көрсетілген) және олардың тек 4-іне қатысты ешқандай ескертулер жоқ. Қоғамдық дәретханалардың ішкі-сыртқы келбеті бойынша бірыңғай тұжырымдама, оларды пайдалану жөніндегі техникалық регламент, жұмыс кестесі және т.б. болуы керек. Осыған байланысты мәслихат төрағасы басқарма басшыларына жаңа дәретханалар салуға қаражат сұрамас бұрын қолда барды ретке келтіруді ұсынды. Сондай-ақ, Каналимов модульдік дәретханалар тек қаланың шетінде, саябақтарда, трассаларда қолданылатын халықаралық тәжірибені қолдануды ұсынды, ал қала ішінде тамақтану ұйымдарымен, мәдениет және спорт мекемелерімен келісім жүргізіледі, келушілер мен туристерге дәретханалар қызметін ақылы ұсыну арқылы олар қосымша қаржылық қолдау алады. Қазіргі уақытта жаңа дәретханаларға қаражат бөлу орынсыз, өйткені әкімдіктер қолда бар азғана дәретханалардың өзін жөнге келтіре алмай отыр. Атамекен палатасының, ШОБ және мемлекеттік органдардың өкілдерімен осы мәселе бойынша кеңес өткізу керек. Сондай-ақ, Каналимов қоғамдық дәретханалардың орналасуы бойынша карта әзірлеуді ұсынды. Соңғы аялдамаларда дәретханалар орнату мәселесі 10 жыл бойы айтылып келеді. Әкімдіктердің, басқармалардың, Астана Су Арнасы және т.б. мекемелердің қатысуымен қалалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Бір ай ішінде Астана күнін мерекелеуге, Халықаралық экономикалық форумға дейін барлық ескертулерді жою қажет. Депутаттар мәселені шешуге жәрдем көрсетуге дайын, мәселені бақылау құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктеледі
Қоғамдық тыңдауды қорытындылай келе, Владислав Сергеев бір ай ішінде қоғамдық дәретханалар бойынша барлық мәселелерді шешуді және соңғы аялдама кешендері бойынша ұсыныстар беруді ұсынды.