Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту
01.06.2023
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде мәслихаттың мынадай шешімдерінің жобалары қаралды: «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы». Мәселелер бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының м.а. Жанар Бескемпірова баяндады. Басқарма басшысы жоспарға 5 бөлім мен 28 іс-шара енгізілгенін хабарлады, олар қазіргі уақытта қаржыландырылған. Жоспардың жобасы уәкілетті органмен келісілді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев депутаттардың екі жыл қатарынан қаланы көгалдандыруды есепке алу жүйесі бойынша мәселені көтергенін атап өтті. Ол бүгінгі күнгі жағдайды, платформаны іске асыру мерзімдерін нақтылауды сұрады. Депутат авторларды шақыра отырып, ақпараттық платформаны дайындау мәселесі бойынша жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Владислав Сергеев тұжырымдаманы зерттеу үшін ұсынуды сұрады, өйткені көгалдандыру бойынша негізгі миссия басқарманың құзыретінде. Өткен жылы көгалдандыруға қомақты қаражат бөлінді, алайда нәтижесі мәз емес, оның ішінде басқарма құрған саябақтарда. Ағаштар қайда отырғызылғаны туралы ақпарат қажет. Депутаттар суару мәселесі, ағымдағы жылдың жоспарына қатысты сұрақтар қойды. Сергеев мәслихатқа тұжырымдаманың жобасын ұсынуды сұрады.
Депутат Ғабит Тәжімұратов басқарма басшысының м.а. газдандыру бойынша пікірін сұрады, қай желіге артықшылық беріледі - жерасты немесе жер үсті желілеріне ме. Сайлаушылармен кездесу барысында депутат Family Village коттедж кентінде жерасты газ тарату желілерін жүргізуге уәде берілгенін, алайда қазір жер үсті желілері жүргізіліп жатқанын анықтады.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеев басқарманың нақты ұстанымының жоқтығына наразылығын білдіріп, осы мәселе бойынша ақпарат дайындауды сұрады.
Депутат Талғат Ерғалиев қала тұрғындарын саябақтардың болуы қуантатынын, алайда бұл жерде бір мәселе – саябақтардың спортпен шұғылдануға бейімделмегенін атап өтті. Оның сайлау округі – Агроқалашық мәселесіне келетін болсақ, ол жерде өндірістік аймақ, зауыттар бар. Ауа шаң, сондықтан дәл осы ауданда саябақ құру өте қажет. Сарыбұлақ өзеніне тұрмыстық қалдықтар төгілетіні белгілі, кеуіп қалған кезде ол жердің өте жаман иіс тұрады.
Депутат Қанат Ибраев 2023 жылы қаржыландыру көзделген іс-шаралар жоспарына қатысты сын айтты, келесі жылдарға қатысты сұрақ туындайды. Депутаттар перспективалық жоспарды білгісі келеді.
Владислав Сергеевтің пікірінше, басқарма кешенді көрініс тұжырымдамасын ұсынуы қажет. Жоспарда жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру мәселелері көрсетілмеген. Басқарма жоспар әзірлеген және онымен бірге стратегияны дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сергеев депутаттардың стратегияны әзірлеуге қатысуын ұсынды. Стратегияны қаланың бас жоспарын ескере отырып әзірлеу қажет. Осыған байланысты комиссия төрағасы жоспарды бекіту мәселесін кейінге қалдыруды, экологияны және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.
Депутат Кендебай Адамбеков шілденің бірінші онкүндігінде бюджетті нақтылау болатынын атап өтті. Саябақтарды құру бойынша жұмыстарды аяқтауға іс жүзінде көп ақша бөлінген жоқ. Депутаттар бұл мәселеде көмек көрсетуге дайын. Барлық партиялардың алдында елорданы шеткі аймақтарсыз салу міндеті тұр, оған депутаттар қаражат табуға тырысады. Сондай-ақ, депутат тікелей және түпкілікті нәтиже ұғымдарының араласып кетуі, төменгі және жоғары тұрған жоспарлардың өзара байланысының болмауына қатысты сын айтты. Көптеген тармақтар декларативті, нақты сандармен расталмаған.
Отырысты қорытындылай келе, комиссия төрағасы Владислав Сергеев қарауға шығарылған 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі мәселені кейінге қалдыруды ұсынды.