Депутаттар жағажай маусымының ашылу қарсаңында құтқару станциясына барып шықты
30.05.2023
1 маусымда елордада суға шомылу маусымы ашылды, саябақтарда, оқушылар сарайларында, көрме залдарында, мектеп жанындағы алаңдарда, қоғамдық орындарда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтері бойынша оқушылардың 80% - дан астамы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылатын болады.
Мемлекет басшысының жолдауларында балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта республикада балаларды қосымша біліммен 100% қамтуды, кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды көздейтін «Бала қорғау» кешенді жоспары әзірленуде.
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары Халықаралық мереке – Балаларды қорғау күні қарсаңында құтқару және іздеу операцияларына дайындықтың мониторингі мақсатында құтқару станциясына барып шықты. Шомылу маусымының ашылуы жеке құрам мен техниканың жоғары дайындық жағдайына келтірумен қатар жүреді. Құтқарушылардың жұмыстары артты: өзен су айдынында патрульдеу, судағы қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу, қауіпті жерлерде ескерту және тыйым салу, шектеу белгілерін орнату және тағы басқалар. Сапар барысында депутаттар сүңгуірлер тобының жұмысымен, құтқару станциясының жабдықталу жағдайымен танысты.
Қауіпсіздік - әр адам үшін өте маңызды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету арқылы көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Осыған байланысты депутаттар рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға қатысты жазаны және бақылауды қатаңдату, патрульдік қызметпен бірге заңсыз жағажайларға жетекшілік ету ұсынылды.
Ересектер балаларға судағы тәртіп ережелерін үйретіп, тек рұқсат етілген жағажайларда демалу қажеттігін ескертуі қажет. Осы қарапайым ережелерді сақтау өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.