Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттарды келісу
29.05.2023
Азамат Айтхожинның төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Депутаттар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды келісу туралы мәселені қарады.
Мәселе бойынша тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов сөз сөйлеп, мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылатын, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ұсынды.
Тізімге әлеуметтік объектілер – бірқатар көшелер, кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешендері, мектептер, дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат, су құбырын салуға арналған дәліз, инженерлік желілерге арналған дәліз және басқа да объектілер кірді. Саипов депутаттарға жер учаскелерінің меншік иелерімен мақсатты түрде жеке жұмыс жүргізілгенін, өтемақы сомасымен келіскен барлық меншік иелері тұрақты комиссияның отырысына онлайн режимінде қатысуға шақырылғанын хабарлады.
Тұрақты комиссия отырысының төрағасы меншік иелеріне өтемақыны қандай мерзімде ала алатындығы туралы хабарлады.
Тұрақты комиссия отырысын қорытындылай келе Азамат Айтхожин отырыстың күн тәртібіне шығарылған мәселе кезектен тыс сессияда қаралатынын және ол бойынша тиісті шешім қабылданатынын айтты.