Бейнебақылау, интернет және ұялы байланыс мәселелері бойынша цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының есебі
16.05.2023
Елордалық мәслихатта Кендебай Адамбековтың төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы барысында цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының есебі тыңдалды.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Мейрамбек Аширбеков баяндамасында қала бойынша 28 000-ға жуық бейнекамера орнатылғанын, алайда 76 камераға қажеттілік бар екенін хабарлады. Аширбеков қала бойынша бейнекамераларды орналастырудың арқасында қылмыс бірнеше есе (35% - ға) азайғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың соңында Сергек МЖӘ жобасы бойынша шарттың мерзімі аяқталып, жаңа МЖӘ жобасының жұмысы басталады, әлеуметтік объектілерде, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бейнекамералар санын арттыру жоспарлануда. Тәжірибе көрсеткендей, бейнекамералар санының артуы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбеков депутаттар атынан осы жобаны іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев қалаға айтарлықтай қымбатқа түсетін бейнекамералардың қанағаттанарлық емес жұмысына байланысты сын айтты. Депутат Сергек бейнекамераларының жұмысына қатысты тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түсетінін атап өтті. Мысалы, көп жағдайда камералар бар, бірақ бұзушылықтар тіркелмейді. Қасымбергебаев Сергек бейнені анық көрсетпейтін радио желілік арна арқылы жұмыс істейтіні туралы ақпарат бар екенін мәлімдеді.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бұл жағдайда ең өкініштісі, жоба аяқталғаннан кейін қалада дайын инфрақұрылым қалмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазіргі кездегі қызметкерлер құрамы барлық камераларды қамтуға мүмкіндік бере ме, әлде қызметкерлер штатын ұлғайту қажеттілігі бар ма, бейне ағынынан ақпаратты автоматтандырылған жинау үшін пайдаланылатын интеллектуалды бейнебақылау камералары жұмыс істей ме деген сұрақтар қойды. Жаңа жоба аясында қызметкерлер техникалық және физикалық тұрғыдан дайын ба? Қазіргі уақытта төрағаның пікірінше, негізгі проблема мемлекеттік органдар үшін бірыңғай регламенттің болмауы болып табылады, әрбір облыс, қала өз регламентін әзірлейді. Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп бірыңғай регламентті әзірлеу туралы ұсынысты орталық уәкілетті органдарға енгізуі қажет.
Сонымен қатар, Ерлан Каналимов көптеген жерлерде камералардың жұмыс істемейтініне назар аударды, осыған байланысты шаралар қабылдау, интернетсіз жұмыс істей алатын Doppler radar құрылғысын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет, сондай-ақ неліктен елорда есебінен еліміздің өңірлеріндегі филиалдардың қызметкерлеріне жалақы төленетініне қатысты мәселені көтерді. Осы кемшіліктердің барлығы жаңа келісімшартта жазылуы тиіс, серіктеске жаңа талаптар қойылуы керек. Әрине, төрағаның пікірінше, кабельдік арнасыз инфрақұрылым құру мүмкін емес. Сондай-ақ, төраға жер учаскелерін бөлу мәселелерін шешпей, 67 антенна-діңгек құрылысын салу мүмкін еместігін атап өтті. Бірнеше жылдар бойы шешілмей келе жатқан келесі мәселе - тұрғын алаптарында ғана емес, сонымен қатар қала орталығында да интернет сапасының төмендігі. Төрағаның пікірінше, байланыс желілерін салу ұзақ мерзімді экономикалық әсер береді.
Комиссия төрағасы Кендебай Адамбеков әріптесінің ұсынысын қолдап, ұзаққа созбай, барлық мүдделі тараптарды дөңгелек үстелге шақыруды және осы өзекті мәселелерді талқылауды ұсынды. 1 қараша, ашық конкурс өткізілгенге дейін, сараптамалық бағалау дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, ол Жедел басқару орталығы бойынша, жоспарланған бейнекамералар санына қызмет көрсету үшін қанша адам қажет, олардың қаншалықты үйлесімді, тұрғындардың қауіпсіздігіне ПД жауапты болғандықтан, оларды қосудың қаншалықты тиімді екендігі туралы ақпарат дайындауды сұрады.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов қалада камераларға қосылмаған көптеген көрнекті нысандар бар екенін атап өтті. Оларды бірінші кезекте қосу керек.
Кендебай Адамбеков отырысты қорытындылай келе, 19 мамырда жұмыс тобының құрамына әрбір тұрақты комиссиядан депутаттар тізімі ұсынылатынын хабарлады.