Жылумен жабдықтауды дамыту перспективалары
15.05.2023
Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Депутаттар Астана қаласын жылумен жабдықтауды дамыту перспективаларын талқылады (ЖЭО-3, жылу желілерін дамыту, газ отынымен орамдық қазандықтар салу, газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы есеп).
Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов депутаттарға қуаты 440 Гкал ЖЭО-3 жаңа энергия көздерінің аймақтары, Қорғалжын тас жолында (Тұран), Оңтүстік-Шығыс, Тельман тұрғын алаптарында орналасқан газ қазандықтары туралы ақпарат берді. Жұмыс жылу энергиясының тапшылығын азайту мақсатында жүргізілуде.
2023 жылға РБ-тен жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3 бойынша жұмысты іске қосуға ақшалай қаражат бөлінді. Қыркүйек айында екі су жылыту қазандығын, қазан және қараша айларында бір-бірден су жылыту қазандықтарын іске қосу жоспарлануда.
Газ қазандықтарына қатысты басқарма басшысы Қорғалжын, Оңтүстік-Шығыс бойынша бүгінде қазандық ғимараттарының негізгі қаңқасын тұрғызу, технологиялық жабдықтарды монтаждау, қажетті жеткізуші инженерлік желілерді салу жүргізіліп жатқанын баяндады. Жұмыс екі ауысыммен жүріп жатыр. Бұдан әрі спикер жалпы ұзындығы 957 км болатын жылу желілері жүйесін дамыту туралы мәселеге тоқталды, бұл ретте жаңа желілерді салу есебінен орташа тозу 55% -ды құрайды.
Газдандыру бойынша Ұзақов газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінгенін хабарлады. 2021 жылы газдандырудың бірінші және жартылай екінші кезегі аяқталды. Екінші және үшінші кезекті аяқтау бойынша қалған жұмыс 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге жоспарланып отыр. Үшінші кезекті іске асыру РБ есебінен конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін басталады. 12000 абонент газбен қамтамасыз етілді, қала бойынша 8000-нан астам техникалық шарттар берілді. 2024 жылы табиғи газбен қамту жеткілікті шамада болған жағдайда 300 мыңға жуық абонент газбен қамтамасыз етілетін болады. Газдандыру барысында ХӘОТ санатының өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Депутат Кендебай Адамбеков газдандыру бойынша сұрақтар қойды. Қалада үлкен құрылыс жүріп жатыр - 11 млн. шаршы метр тұрғын үй, 50 мектеп, әлеуметтік нысандар. Өткен жылы тұрғындарға орталықтан жылыту болады деп уәде етілді, бірақ жылу жетпей қалған және автономды түрде жылытылатын бірқатар жаңа тұрғын үй кешендері бар. Депутат ЖЭО, қазандықтар қаланың жылу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алатынына қатысты алаңдаушылық білдірді, ағымдағы қажеттілік қамтамасыз етіледі делік, ал келесі жылы не күтіледі. Депутат болашақ перспектива жайында сұрады, ЖО-3-тің екінші кезегінің аяқталуын тұрғындар қанша күтуі қажет, мүмкін балама нұсқалар бар шығар.
Депутат Талғат Ерғалиев ЖЭО-3 және үш газ қазандығы салынып жатқаны баршаға мәлім екенін атап өтті. Бұл объектілердің қуаты қанша адамға есептелген, мұндай талдау бар ма. Депутат Агроқалашықты нөсерлі кәріз және сумен жабдықтау жөнінде жазбаша түрде ақпарат беруді сұрады.
Депутат Бауыржан Смайылов 15-ші округ бойынша сайлаушылардан көптеген сұрақтар түскенін айтты. Осыған байланысты депутат басқарма басшысын 15-ші округтің тұрғындарымен, оның ішінде дизельмен жылытылатын «Отау» ТК тұрғындарымен көшпелі кеңеске шақырды. Орталық жылыту жүйесіне қосылуға қаражат бөлінгені туралы ақпарат бар, бірақ әлі де жұмыс басталмаған, бұл адамдарды алаңдатады.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеев отырысты қорытындылай келе, әртүрлі отырыстарда газдандыруды жүргізген, жолдарды қазып, тастап кеткен мердігерлердің қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы мәселені бірнеше рет көтергенін айтты. Өткен отырыста депутаттар көлік басқармасына отын-энергетикалық кешені басқармасымен бірлесіп осы мәселені шешуді ұсынған. Жақын арада өтетін бюджетті нақтылауға байланысты депутат тұрғын үй алаптарын абаттандыруға қаражат бөлу үшін егжей-тегжейлі ақпарат беруді сұрады. Шет елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық жерде гигантоманиядан, орталықтандырудан, ірі ЖЭО салудан бюджетке әлдеқайда арзан шағын қазандықтарға көшіп жатыр. Жеке инвесторлар қазандық салған мысалдар бар. Депутаттың пікірінше, мәселелерді бірлесіп шешу үшін жұмыс тобын құру қажет. Келесі мәселе Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабына (оң жағы) қатысты болды, кәріз желісі кезең-кезеңімен салынуы тиіс еді. Сергеев басқармадан автономды қазандықтар және басқа да мәселелер бойынша мәслихатқа жазбаша түрде ұсыныстарын беруді сұрады.