Депутаттар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады
10.05.2023
Мәслихат депутаттары Жеңіс күні қарсаңында елордада тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып шықты.
Бүгінде елордада 10 ардагер мен бір жарым мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады. Депутаттар ардагерлердің болашақ ұрпақ үшін батырлығы мен ерліктеріне құрмет көрсетіп, жеке құттықтап шықты. Мұндай кездесулердің әрқайсысы ерекше құнды, өйткені Отанға жанқиярлықпен қызмет еткендердің қатары сиреп келеді.
«Соғыс ардагерлеріне деген қамқорлығымыз тек Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, олардың әрқайсысына депутаттар, сондай-ақ «AMANAT» партиясының мүшелері бекітіліп, олармен үнемі қатынасып, проблемаларын шешуге тырысады», - деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов. Ерлан Каналимовтың айтуынша, ардагерлер көңіл бөлуді, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді, өздерінің ұмыт қалмағандарын сезінгісі келеді. Мәслихат төрағасы әріптестерімен бірге Беларусь пен Польша аумақтарын азат еткен соғыс ардагері 97 жастағы Михаил Григорьевич Куликке барып шыққан. Соғыстан кейін ардагер, Украинаның тумасы Қазақстанға келген, мұнда ұзақ жылдар бойы «Целинтрансстройда» жөндеуші болып жұмыс істеген.
Депутаттар барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, көптеген ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.
Өткен соғыс оқиғаларын, әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін, олардың Жеңіске қосқан баға жетпес үлесін ешқашан ұмытпаймыз.