Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
06.05.2023
Құрметті тыл еңбеккерлері!
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Елордалық мәслихат депутаттарының атынан Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Біздің мемлекетіміздің тарихында бұл мереке ерекше орын алады. Бейбітшілік пен болашақ ұрпақтың амандығы үшін өз өмірлерін сарп еткен жауынгерлердің үлесіне орасан зор сынақтар түсті. Біздің жерлестеріміз де майданда соғысып, тылда еңбек етіп, Жеңіске лайықты үлестерін қосты.
Біз үшін ата-бабаларымыздың тарихтағы ерлігі өте қымбат, ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне құрмет білдіреміз.
Отанды қорғау үшін өшпес ерлік жасаған майдандас әртүрлі ұлт өкілдерінің бауырластығына тағзым етеміз!
Баршаңызға денсаулық, бейбітшілік және береке тілеймін!
Жерімізде ешқашан соғыс болмасын! Өмірімізде келісім мен тұрақтылық үстем болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов