Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
06.05.2023
Астана қаласы мәслихаты депутаттарының атынан Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Біз тәуелсіздік, бостандық, қауіпсіздік, бейбіт аспан кепілі болып табылатын өз әскерімізді мақтан тұтамыз!
Қазақстанның Қарулы Күштері дамып, күшейе түсуде.
Отан алдындағы қасиетті борышын орындап жүрген Отан қорғаушыларға шексіз құрмет пен шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бүгінде жас әскери қызметшілер әкелері мен аталарының ісін жалғастыруда, мемлекеттің қауіпсіздігімен ғана емес, сонымен қатар әртүрлі табиғи апаттармен байланысты төтенше жағдайлар кезінде де азаматтық борыштарын өтеуде.
Қорғаушыларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақыт, қызметтерінде табыс тілеймін!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов