Елорда әкімімен кезекті кездесу өтті
26.04.2023
Азаматтық қоғам өкілдері аудан әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекпен тағы да кездесті. Күн тәртібінде Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының есептері тыңдалды.
Жиын елорда әкімінің кіріспе сөзімен басталды, онда Қоғамдық кеңес мүшелері елорданы дамытудың негізгі жетістіктерімен және жоспарларымен таныстырылды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жоғарыда аталған басқармалардың есептерін тыңдау қажеттігі туралы сұрақ бірнеше рет көтерілді. Сындарлы әңгіме өрбіді, Қоғамдық кеңес мүшелері қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Жиын нәтижесінде елорда әкімінің ұсынысымен осындай кездесулерді қажетіне қарай өткізіп, қала тұрғындары көтеріп жүрген өзекті мәселелерді талқылау туралы шешім қабылданды.