Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу
02.05.2023
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарын келісу туралы» мәселе бойынша баяндады. Ол мемлекет мұқтажы үшін, атап айтқанда кіріктірілген үй-жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешендері, көшелер, мектептер, шағын айналма жол, әкімшілік ғимарат және т. б. құрылысы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімін ұсынды.
Отырыс жұмысына жер учаскелерінің иелері онлайн режимде қатысты. Барлық меншік иелері немесе олардың өкілдері отырысқа қатысып, жер учаскесі үшін өтемақы сомасымен келісетіндерін растады.
Депутаттар отырыс барысында тұрғын үй қатынастары саласындағы сарапшылар ретінде жер учаскелері үшін өтемақы төлеу кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайларын болдырмау бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашы болмаған басқарма басшысына, ведомстволық бағынысты ұйымның басшыларына бірқатар ескертулер айтты.
Отырысты қорытындылай келе, Айтхожин осы мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органға депутаттық сауал дайындауды ұсынды.