Сәулет, жер қатынастары, қалалық орта сапасы саласындағы басқармалардың негізгі міндеттері
24.04.2023
Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, құрылыс, қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының басшылары сөз сөйлеп, депутаттарды басқармалар жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттары туралы хабардар етті және бірнеше жылдар бойы шешілмеген проблемалық мәселелермен бөлісті.
Депутаттар тұрғын үй алаптары тұрғындарының мүдделерін қамтитын мәселелерге ерекше назар аударды, өйткені қала шеті халқының әлеуметтік қорғалуы, денсаулығы – мәслихат депутаттары қызметіндегі басымдықтар.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мемлекеттік органдардың қаланы дамытудың нақты әзірленген стратегиялық жоспарларына сәйкес әрекет етуі тиіс екендігіне назар аударды, өйткені қаланың шеткі аймақтары тұрғындарының өмір сүру сапасы да, қала бюджетінің тиімді жұмсалуы да осыған байланысты.