Тұрақты комиссияның атқарушы органдар қызметінің мәселелері жөніндегі отырысы
19.04.2023
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Атқарушы органдардың басшылары жұмыстарының негізгі міндеттері мен бағыттары туралы баяндады.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев сөз басында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектеп салу – елордалық басқарма үшін стратегиялық міндет екенін атап өтті. Шешуді талап ететін негізгі проблемалық мәселелерді қамтитын Жол картасы әзірленді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қатысты Сенғазыев көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мәселелер бар екенін атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде толық шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, қазір педагогтардың 24,5%-ның бейіндік білімі жоқ. Осыған байланысты басқарманың міндеті – 2029 жылға дейін 2520 педагогты қайта даярлау курстарынан өткізу. Білім басқармасының басшысы келесі нақтылау шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қосымша қаржыландыру туралы ұсыныс енгізіп, депутаттардан ұсынысты қолдауды сұрады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының міндеттері мен негізгі бағыттары туралы басқарма басшысы Тимур Мұратов баяндады. Ол денсаулық сақтау жүйесінде 33 медициналық ұйым, 11 стационар, 3 балаларға арналған ұйым, 1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 160 автокөлік, сонымен қатар медициналық колледж және республикалық мекемелер бар екенін айтты. Басқарма басшысы демографиялық көрсеткіштердің жақсы екенін, өмір сүру ұзақтығының артқанын, аналар арасында өлім-жітім азайғанын атап өтті. 2022 жылы автопарк жаңартылды, ағымдағы жылы медициналық ұйымдардың бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Мұратов балалар бейінді мамандарының, акушерлердің, неонатологтардың тапшылығы туралы хабардар етті, оларды келісімшартқа сәйкес 5 жыл жұмыс істегеннен кейін мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қалуға ынталандыру қажет.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб депутаттарға басқарманың 194 мың қызмет көрсеткенін, жұмыссыздық деңгейі төмендегенін, бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар бөлінетінін, 8,5 мың бос жұмыс орны бар екенін, 6 шағын еңбек жәрмеңкесі өткізілгені туралы мәлімдеді. Атаулы әлеуметтік көмек 2,5 мың отбасына төленді. Жаңа енгізілімдердің ішінде - азық-түлік жиынтығын 1,5 АЕК-тен ақшалай қаражат бөлуге ауыстыру. Газдандыру үдерісі барысында ХӘОТ санаты үшін біржолғы көмек шамамен 450 мың теңгені құрайды. Проблемалар бойынша Скуб инватакси тапшылығы бар екенін хабарлады, қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау үшін барлығы 6 бірлік мамандандырылған көлік бар. Сондай-ақ, басқарма басшысы тіс протездеуге арналған материалдардың сапасыздығы, психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған мекеменің толы болуы, 4 га жерге байланысты Оңалту орталығы құрылысының созылып кеткендігі жөнінде мәлімдеді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов Скубқа барлық проблемалық мәселелерді мәслихатқа жазбаша түрде беруді ұсынды.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп депутаттарға мемлекеттік тілді дамыту, тілдік курстар санын көбейту жөніндегі қызмет туралы баяндады. Мәселен, тіл мәселесі төңірегіндегі жағдайды жақсарту үшін бизнес өкілдеріне арналған қазақ тілін қарқынды оқыту курстары өткізіледі. Қазақ тілі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру курстары өткізіледі. Басқарма басшысының пікірінше, басқарманың бақылау функцияларының болмауы проблема болып табылады, бұл қалалық сыртқы жарнамадағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік бермейді. Басқарма қызметкерлері жарнамалық материалдарда жіберілген қателіктерге байланысты хат жазумен ғана шектеледі. ШОБ нысандарының атаулары бойынша тұрғындардан шағымдар түсуде, бұл мәселені қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу арқылы шешуге болады.
Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов депутаттарға мәдениет мекемелері жүйесінде 12 ұйым бар екенін хабарлады. Елордада 6 театр жұмыс істейді. Проблемалардан басқарма басшысы мемлекеттік академиялық орыс драма театрын жөндеу жұмыстарының аяқталмауын атады, бүгінде жөндеудің 97 %-ы аяқталған. Кітапхана жүйесі 18 кітапханадан тұрады, 4 кітапханаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінген. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жүзеге асырылуда. Жұмыс көлеміне және балалар санының жыл сайын артуына байланысты мәдениет басқармасы басқарма штаты шағын болғандықтан, жеке ведомстволық бағынысты ұйым құруды ұсынады. Тағы да бір мәселе - жалғыз қалалық Қуыршақ театры үшін ғимарат қажет.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев 18 жоғары оқу орнында студенттердің 70% - дан астамы спортпен, халықтың жалпы санының 2,2 % - ы ұлттық спорт түрлерімен айналысатынын айтты. Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 1 спорт мектебі бар. Қалада 10 ДШСК салу керек, қазіргі уақытта екі ДШСК салынып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, мәселені қолайлы ғимараттарды сатып алу арқылы шешуге болады. Артспорт жобасы аясында айналысқысы келетіндердің саны артып келеді. Жылқыбаев мәдениет басқармасы басшысының Артспорт жобасын іске асыру мәселелерімен айналысатын КММ құру туралы ұсынысын қолдады.