Құрылыс, экология, көлік және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы
06.04.2023
Қалалық мәслихатта құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Өз сөзінің басында тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы мәселелері бойынша ең ауқымды екенін және ол құрылыс, қаланың бас құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік тұрғын үй қоры, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету, жер қатынастарын реттеу, абаттандыру және басқа да көптеген мәселелерді қамтитынын айтты.
Ол әріптестеріне тұрақты комиссияның алдағы отырыстарында талқылануы тиіс мәселелердің тізімін ұсынды, олардың ішінде елорданы жылумен қамтамасыз ету мәселесі де тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты комиссия төрағасы отырыс қарсаңында осы мәселеге жетекшілік ететін басқарманы тыңдауды ұсынды. Сондай-ақ, комиссия мүшелері маңызды және өзекті мәселелердің бірі - елорданың көлік саясатына, қоғамдық көлік жүйесіне қатысты мәселелерді талқылайтын болады.
Отырыс барысында тұрақты комиссия мүшелері арасында қызмет бағыттары бөлінді, сонымен қатар олар 9 ведомствоаралық комиссиялардың құрамына кіретін болады.
Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес келесі аптада комиссия мүшелері бюджетті нақтылау мәселесі қаралатын мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына қатысады.
Отырысты қорытындылай келе, комиссия төрағасы депутаттарды Бас жоспар негізіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша алдағы көшпелі отырыс туралы хабардар етті, сондай-ақ ол Астананың Жасыл белдеуінде және халықаралық әуежайында көшпелі отырыстар өткізуді ұсынды.