Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы
05.04.2023
Қалалық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы өтті.
Отырысты ашқан тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін комиссияның қарауына 2023 жылы балабақшаларда тамақтануға арналған шығындарды субсидиялау мәселесі шығарылатынын, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионның, «Қазақстан» спорт сарайы құрылыстарының барысы туралы мәселе қаралатынын мәлімдеді. Ол комиссия мүшелеріне бір жылға арналған жұмыс жоспарына қосымша тармақтарды енгізу бойынша ұсыныстарды онлайн режимінде талқылауды ұсынды. Сонымен қатар, сабақтастықты сақтау мақсатында және бұған дейін қандай жүйелік мәселелер шешілгенін, ал депутаттардың жаңа құрамынан жұмыс барысында қандай мәселелерді шешу күтілетінін нақтылау үшін, алдыңғы сайланым депутаттарының жұмыс жоспарын зерделеу қажеттігін атап өтті.
Тұрақты комиссия төрағасының орынбасары ретінде депутаттар VII сайланым депутаты ретінде жұмыс тәжірибесі бар Ерлан Дәкеновты бірауыздан сайлады.
Отырыс барысында депутаттар арасында тұрақты комиссия қызметінің бағыттары бөлінді.
Комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне алдағы уақытта жетекшілік ететін қалалық басқармалардың таяу болашақтағы және 2025 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттар мен міндеттері туралы есептерін тыңдау жоспарланғанын хабарлады.