Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы
04.04.2023
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин отырыстың күн тәртібімен, тұрақты комиссия мүшелерінің тізімімен таныстырып, регламентке сәйкес комиссия мүшелерінің қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды, бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қағидаларды әзірлеуге қатысатындықтары, қаланың Қоғамдық кеңесімен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететіндіктері туралы хабардар етті.
Оның орынбасары ретінде Айтхожин VII сайланым депутаты ретінде жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Динара Оразалинаның кандидатурасын ұсынды.
Сондай-ақ, тұрақты комиссияның төрағасы комиссия қызметінің бағыттарына сәйкес комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөлуді ұсынды. Төрағаның пікірінше, бұл шара комиссияның нақты және жан-жақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.
Сонымен қатар, Айтхожин тұрақты комиссияның әрбір мүшесі әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері немесе орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері болып табылатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы тиіс екенін атап өтті. Ол комиссия мүшелерінің өздері жетекшілік ететін мәселелердің байыбын жылдам түсінеді деген үмітін білдірді, бұл сайып келгенде, тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған басым міндеттерді тиімді және жылдам шешуге әсер етеді.