Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы
03.04.2023
Қалалық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ұйымдастыру отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбеков комиссия мүшелерін тұрақты комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мәслихат аппаратының жауапты қызметкерімен таныстырды. Сондай-ақ, ол комиссия өз қызметін қолданыстағы заңнамаға, мәслихат регламентіне және комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асыратынын мәлімдеді.
Отырыс барысында тұрақты комиссия мүшелеріне қызмет бағыттары бөлінді.
Өз құзыреті шегінде тұрақты комиссия бюджетті нақтылау, бюджеттік процестің тиімділігі, қаржы және салық саясаты, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Комиссия төрағасы екі орынбасары мен тұрақты комиссияның хатшысын сайлауды ұсынды. Төрағаның пікірінше, бұл тұрақты комиссияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шара. Ол комиссия мүшелерін олардың ведомствоаралық қалалық комиссиялардың жұмысына қатысатыны, сондай-ақ партия өкілдері ретінде мәслихат атынан азаматтарды қабылдауды және азаматтарды жеке қабылдауды жүргізетіні туралы ескертті.
Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жоспарлау сатысында тұрған көшпелі отырыстарды есепке алмағанда, комиссия 2 отырыс өткізу қажет. Бұдан басқа, тұрақты комиссияның мүшелері жария тыңдауларға, депутат күніне, басқа комиссиялардың отырыстарына қатысатын болады.
Бірінші жұмыс отырысы бюджетті нақтылау мәселесіне арналады, өйткені қалалық құрылымдарға шұғыл түрде конкурстық рәсімдер өткізу қажет.
Отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссияның төрағасы комиссия құрамына 8 адам, оның ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, кәсіпорындардың бірінші басшылары, өте тәжірибелі және жоғары білікті мамандар кіргенін атап өтті, осыған байланысты жаңа мәслихат құрамындағы комиссияның қызметі табысты болады деп үміттенеді.