Елорданың қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
03.02.2023
Қоғамдық кеңес мүшелеріне талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихатқа депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Астана қаласы әкімінің «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу» туралы шешіміне толықтырулар енгізу.
Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес мүшелері енгізген ұсыныстарды ескере отырып, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Сондай-ақ, «Астана қаласы Қоғамдық кеңесі ақпараттық-талдау комиссиясының төрағасын сайлау туралы» мәселе қаралды.
Мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты ақпараттық-талдау комиссиясының төрағасы Е. Ж. Қарабалаев Қоғамдық кеңес құрамында өз өкілеттігін тоқтатты.
Қоғамдық кеңестің төралқасы ақпараттық-талдау комиссиясының төрағасы лауазымына бірауыздан қолдау тапқан Мадина Берікболқызы Ажикенованың кандидатурасын ұсынды.