Внеочередная сессия маслихата: выдвижение кандидата в депутаты Сената Парламента РК
24.11.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен Астана қаласы жетінші сайланым мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы» мәселе қаралды.
Кезектен тыс сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның негізгі мәселесін талқылау алдында қала әкімінің орынбасары депутаттарды үлестік құрылыс бойынша проблемалық мәселелерді шешу жоспарлары туралы хабардар етті. 150 проблемалы үйдің 120-сы аяқталды, 14 жарым мың үлескер өз пәтерлерін алды, 30 үй қалды, бұл шамамен 2 мың үлескер. Үлескерлердің проблемаларын шешуге Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Осыған байланысты әкімдік қарыз қаражатын қайтарудың қаржылық моделін әзірледі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірқатар мәселелер пысықталуда. Әкімдіктің алдында болашақта 2023 жылдан 2026 жылға дейін қарыз қаражатын қайтару міндеті тұр, қайтару жоспары болмаған жағдайда ол жергілікті бюджетке ауыр салмақ болып түседі. ЕҚК уәкілетті компаниясы және жауапты атқарушы органдар қарыз қаражатын қайтару жөніндегі жоба әзірледі. Әкімдік ЕҚК-на беретін жер учаскелерін белгілеп жатыр. Компания өз кезегінде 100% өз қаражатын салатын әлеуетті инвесторлар арасында аукцион өткізетін болады. Қазіргі уақытта әкімдік жер учаскелерін анықтау мәселелерімен айналысуда, бұл шамамен 200 га. 2024 жылдан бастап жобаны іске асырудан қайтарым алу жоспарлануда. Бағдарламада шаршы метрдің құны 220 мың теңге деп бекітілуі күрделілік туындырады. Егер бөлінбейтін учаске болса, аймақтық 8 аймаққа бөліп, аукцион жариялауға болады. ЕҚК компаниясының өзі конкурс өткізетін болады, өзіндік құнды реттей алуы үшін инвесторлардың өз құрылыс инфрақұрылымы, үй құрылысы комбинаттары, құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар, техника және т.б. болуы тиіс. Бұл жағдайда 85% мердігерге, 15% қарыз қаражатын қайтаруға қалдырылады.
Әкімдік аталған тетікті депутаттармен келісуге шығарады. Тұжырымдама бойынша мемлекет құрылыс шығындарын көтермейді, бірақ әлеуметтік инфрақұрылым ұсынады. Келесі жылы жобаны іске асыруға кірісу үшін жыл соңына дейін инвесторларды анықтау қажет.
Мәслихат хатшысы бұған дейін мұндай тетік Мәскеудің, Еуропа елдерінің тәжірибесін ескере отырып талқыланғанын атап өтті. Каналимов комиссиялардың құрамына аудандық әкімдіктердің әрбір комиссиясына бір-бірден 4 депутатты енгізуді сұрады. Инвесторға әр түрлі санаттағы тұрғын үй салуға мүмкіндік беру керек, өйткені әлеуметтік және бизнестік тұрғын үй салуға кететін шығындар бірдей, құны әр түрлі. Сондай-ақ, Каналимов қалалық бағдарламаға коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерін енгізуді ұсынды, олар бірде-бір бағдарламаға кірмеген.
Сессияның негізгі мәселесі бойынша мәслихат хатшысы 2022 жылғы 31 қазандағы «Шығып қалған депутаттың орнына Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау туралы» қаулыға және негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылғы 1-25 қараша аралығында Сенат депутаттығына кандидаттар ұсынылып жатқанын хабарлады. Кандидаттарды ұсыну мәслихат сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі. Саяси партиялар өз өкілдері арқылы мәслихаттарда ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады.
«Аманат» партиясының мүшелерінен Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі депутат Азамат Айтқожин сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде білім беру саласындағы жасампаз қызмет барысында жинақталған бай өмірлік тәжірибесі бар Ерлан Сыдықовты ұсынды.
Сондай-ақ, Депутат Асқар Смағұлов та «АқЖол» ҚДП Астана қалалық филиалы мүшелерінің атынан сөз сөйлеп, Ерлан Сыдықовтың кандидатурасын ұсынды, ол мәслихат депутаты, еліміздің жетекші жоғары оқу орнының басшысы ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметінде де Е.Б. Сыдықовқа көмектесетінін атап өтті.
Депутат Нұрдәулет Оразханов Қазақстан Халықтық партиясы мүшелерінің атынан партия мүшелері ғылым докторы, профессор, академик, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Ерлан Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдағанын мәлімдеді.
Кезектен тыс сессияны қорытындылай келе, мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде Сыдықов Ерлан Батташұлы ұсынылатынын атап өтті.