Елордалық мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтауда
08.05.2018
Әрбір майдангерге назар аудару, ерлік пен батырлықтарына алғыс айту үшін дұрыс сөздерді табу – бүгінде әрбір қазақстандықтың ең маңызды міндеті.
Халық өкілдерінің күнделікті кестесі тіпті бір минутына дейін жоспарланған. Күніне мүмкіндігінше көп ардагерлерге кіріп шығып, көп мейірімді сөздер айтып, көңілдерін көтеріп, оларға қарапайым көңіл аудару қажет. Бүгінде олар егде жасына байланысты тілдесу мен қамқорлықты қажет етеді. Өкінішке орай, жыл сайын сол алапат соғыстың тірі куәгерлері азаюда. Көп ұзамай соғыстың қиындықтары туралы біздің ұрпағымыз бірінші ауыздан емес, тек оқулықтардан білетін болады. Сондықтан ең бастысы – біз үшін жеңіске жеткен адамдармен сырласу!
Қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында қалалық мәслихаттың №13-ші сайлау округі депутат Есенжол Бекішев соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерін құттықтады. Олардың бәріне сыйлықтар берілді.
Ардагерлер депутатпен әңгімелесу барысында жастық шақтары мен соғыстан кейінгі уақытты еске алды. Мәселен, әңгіме барысында майдангер Александр Бабичев бірнеше рет Отанға деген бірлік пен сүйіспеншілік арқасында жеңіске жеткенін атап өтті. «Бұл құндылықтар әр уақытта маңызды», – дейді ол.
Кейінірек құттықтауға ардагерлердің көршілері де қосылды. Үй тұрғындары ардагерлер үшін шағын концерт дайындады. Балалар өлеңдер айтып, үлкен буын ардагерлерді тілектермен құттықтады. Осы кеште соғыс жылдарының әндері үй тұрғындары тарапынан орындалды.
– Жеңіс күні әр қазақстандық үшін – жеке тарихы, әрқайсымызда соғысқан немесе тылда жұмыс істеген туыстарымыз, аталарымыз бен бабаларымыз бар.
Бұл күні біз туыстарымызға естелік құрметін көрсетеміз. Біз үшін ашық аспан мен бейбіт өмір бергендеріңіз үшін және біз, сіздің ұрпақтарыңыз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға рахмет айтамын, – деді депутат ардагерлерге.
Жеңіс Күні аясында ұйымдастырылған ерекше жобамен №18-ші сайлау округінің мәслихат депутаты Валихан Досаев сөз сөйледі. Жеңіс күніне арнаған құттықтау және алғыс сөздері күн сайын ардагерлердің есінде болуы үшін депутат №28 орта мектеп оқушыларымен бірге «Жеңіс Сарбазына Хат» атты мерекелік альбомын дайындады. Бірнеше күн бойы оқушылар ардагерлерге хаттар жазып, онда ардагерлердің батылдық пен ерліктері үшін алғыс білдірді. Ал төменгі сынып оқушылары Жеңіс күніне арналған үздік суреттерін жинады. Осы шығармалардың негізінде жинақ жасалып, депутаттың арқасында өз жолданушыларына жетті. Балалардан келген осы жолдама ардагерлердің көңілінен шықты. Майдангерлерге арналған жолдарды оқып, көптеген ардагерлер көздеріне жас алды. Ардагерлердің балалары және немерелері сыйлыққа ризашылық білдірді, сондай-ақ олар оқушылардың хабарын жиі оқитынына уәде берді.
Мәслихат депутаты Сергей Солодовников ардагерлер Иван Иванов, Сәбит Қасенов пен тыл еңбеккері Роза Тұржановамен кездесті. Кейінірек оның қолдауының арқасында №22 мектеп-гимназиясында «Соғыс жолдарымен» атты музыкалық театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Спектакльдің орындаушылары – «Жастар» сарайының «М-Арт» театр студиясы әртістері. Мұнда қонақтарға арналған мерекелік банкет ұйымдастырылды.
Жеңіс Күні қарсаңында Маслихат депутаты Мирас Шекенов біздің қаламыздың қарауылшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері – 97 жастағы Үсен Сейілбек Әкімбекұлын құттықтады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы «Шағалалы» ауылының тумасы.
Ақсақалдың майдан жолы ең қиын сынақтарға толы болды. 1942 жылы майданға шақырылды. Ол генерал Рыбалко атындағы Үшінші Гвардиялық Танк Армиясында байланысшы ретінде шайқасты. Белгілі Курск қалашығындағы шайқасқа, Харьков, Киев және Украинаның басқа да көптеген қалаларын босатуға қатысқан. Соғысты Чехословакияның астанасы – Прагада аяқтады. Соғыстан аяқталғаннан кейін Сейілбек Әкімбекұлы туған ауылына оралды. Ұстаз, мектеп директоры, аудандық партия комитетінің насихаттау және үгіттеу бөлімінің меңгерушісі, «Заря коммунизма» аудандық газетінің редакторы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, содан кейін Қосшын және Талапкер орта мектептерінің директоры болып қызмет атқарды. Соғыс ардагері жеті баланы тәрбиелеп, 19 немере және 4 шөбере көріп отыр.
Жылдарға қарамастан, ардагер өзінің жауынгерлік рухын жоғалтпады, ол әлі де сергек және соғыс кезінде бастан кешкен әр сәтті есінде сақтап қалды.
– Сіз біздің мақтанышымыз және күшті рух, елге деген сүйіспеншілік, бірлік пен қайырымдылық, өзара көмек көрсету, жақындағыларға деген жауапкершіліктің үлгісі болдыңыз. Сізге берік денсаулық және ұзақ ғұмыр, қатаң рух пен өмірлік күш тілейміз!, – деп Мирас Шекенов ардагерге құттықтау сөзін білдірді.
Депутат Зулфухар Гаиповтың қолдауымен Линник Олег Иванович және тағы басқа Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.
Кейінірек Көктал-1, Көктал-2, Өндіріс тұрғын үй кешендерінде концерттер ұйымдастырылды. Мерекелік кездесуге тек майдангерлер ғана емес, еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлері де шақырылды.
Жеңістің 73-ші мерейтойы қарсаңында Астана қаласы №4-ші сайлау округінің мәслихат депутаты Мажит Шайдаров «Астана медицина университеті» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.З. Жүсіповпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Анна Ивановна Губарева, Махан Алтеев, Валентин Иванович Есюнин, Алексей Федорович Петров, Екатерина Герасимовна Плужниковны құттықтады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне депутат Зәуре Жүсіпова қонаққа жалғыз келмеді. Кездесуге мерекелік көңіл-күй беру үшін әскери қызметкер С.Т. Күлбаевтың орындауында «Қара түн» әні шырқалды.
– Жеңіс күнімен біздің округіміздің құрметті ардагерлері – Иван Афанасьевич Заиченко, Михаил Петрович Кочетков, Раиса Самуиловна Максименконы құттықтадық! Біздің Отанымыздың батыл қорғаушыларын дін аман әрі жақсы көңіл-күйде көру қуанышты. Әрине, бұл көз жасына толы мереке, бірақ біз оларға шынымен күлім сыйлағымыз келеді, – деді Зәуре Жүсіпова,
Депутаттың айтуы бойынша, кездесу жылы өтті, әңгіме барысында бірнеше сағат өткені көзге көрінбеді. Бірақ Михаил Петрович Кочетковтың баянда орындаған соғыс жылдарының әндері ерекше тәнті етті. Депутат ардагерлермен бірге жалынды тақпақтар орындап үлгергендерін айтты.
– Әңгіме барысында ҰОС ардагерлері туралы кітап беттерін аудара отырып, Б. Момышұлы, Әлия Молдағұлова және басқаларының ерліктері туралы сөйлестік. Ардагерлер қаза тапқан майдан жолдастары туралы естеліктерімен бөлісті, – деді депутат.
Депутат Илья Мещеряков өз округінің ардагерлеріне балалары мен жиендерімен баруға ниетті. Халық өкілінің айтуы бойынша мұндай кездесулер жас ұрпаққа майдангер жауынгерлерді біліп, есте сақтау үшін маңызды.
– Балаларға соғыс уақытындағы әңгімелерді бірінші ауыздан тыңдауға, соғыс батырларын білуге, ардагерлердің естеліктерін тыңдауға өте қызықты болады деп сенемін. Бұл туралы кітаптардан оқыған мүлде өзгеше қабылданады, – дейді Илья Мещеряков. Бұдан бұрын депутат ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік кеш көңілін №3 музыкалық мектеп оқушылары қолдады. Мұндай кештерді депутат келесі күндері өткізуді жоспарлап отыр.
Ардагерлер мен тыл еңбекшілерімен кездесу депутат Гайдар Қасенов үшін де жақсы дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында қалалық мәслихат депутаты, Астана қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция жетекшісі Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Ахат Бекмәді, Бәйкен Айдархан Бәйкенұлы, Елена Никитична Балкарова, Мнайдар Боранбаев және Қаир Хасеновтарды аралады.
– Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері естеліктерімен қуана бөлісуде. Ардагерлердің киімдері марапаттармен безендіріліп, сөрелері алғыс хаттар мен дипломдарға толы», – дейді депутат.
– Біз Отанымызды қорғаған адамдарға олардың ерліктері үшін, бейбіт елде өмір сүру мүмкіндігіне шексіз ризамыз және олардың өмірін жеңіл, қуанышты әрі бақытты ету үшін бар күшімізді саламыз.
Мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев №6-шы округте тұратын ардагерлерге барған кезде алғыс сөздерін білдірді. Ұлы Отан соғысының сегіз ардагері атаулы құттықтау қағаздарын алды және әр ардагерге азық-түлік қоржындары ұсынылды.
Ардагерлер Михаил Васильевич Калинин, Константин Иванович Смирнов және Михаил Григорьевич Кулик сондай-ақ өз округтерінің депутаты Мұхтар Түлеутаевпен кездесті.
Ал №7-ші сайлау округінің мәслихат депутаты Сәрсембек Жүнісовтың атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Байдеров Сәрсен, Анна Ивановна Савицкая, Василий Антонович Сердюков және Евгений Степанович Довганьды құттықтады.
Депутаттар атынан оларға сыйлықтар мен сарқыттар ұсынылды. ҰОСҚ ардагері Е.С. Довганьға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нұрпейісов атынан құттықтау сөзі жолданып оқылды.
10 жылдан бері №24-ші сайлау округінде тұратын өз ардагерлерін мәслихат депутаты Алмаз Ким құттықтап келеді. ҰОС ардагерлерінің саны бұрын 15-тен астам болса, бүгінгі таңда тек 5 адам ғана. Олар – Әлім Әбенов, Евгения Левина, Айтбек Мылтықбаев, Шағила Құсаинова, Нонна Двойченко. Біздің данышпан, адал, мейірімді және балаша аңғал ардагерлеріміз әрдайым осы мерекені және қонақтарды шыдамсыздықпен күтеді.
9 мамыр қарсаңында ардагерлермен мәслихат депутаттары Рамзия Өмірбаева, Еркеғали Есенжолов, Гүлнәр Данбаева, Зейнолла Шебкенов, Алтыншаш Табулдина, Ерлан Сыдықов кездесті.
Уақыт бой бермей өтуде, бірақ біз Сіздердің ерліктеріңізді ешқашан үмытпаймыз, қымбатты біздің ардагерлер! Бейбіт аспанымыз үшін рахмет! Сіздердің жеңістеріңіз үшін! Сіздерге үлкен тағзым етеміз!