Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
28.10.2022
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қала тұрғындарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсету сапасы туралы баяндамасы белсенді пікірталас тудырды. Басқарма басшысы Тимур Мұратов Қоғамдық кеңес мүшелерін жұмыс нәтижесімен таныстырып, олардың күнделікті жұмысында кездесетін түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Сұрақтарды дайындау барысында жұмыс тобы қаладағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады. Қоғамдық кеңес мүшесі Дәулетхан Есімов өз сөзінде медициналық мекемелерді аралау қорытындысын жариялады. Мәселен, пациенттермен кездескен кезде ЖПД учаскелік терапевттері мен педиатрларын айналып өтіп, арнайы мамандарға өз бетінше бару мүмкін еместігі, олардың болмауына және үзілістерге байланысты тегін дәрілік препараттарды уақтылы алмау туралы шағымдар тыңдалды. Бұл "пациенттерді қолдау қызметі"халық арасында түсіндіру жұмыстарының деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен орфандық аурулары бар пациенттерге қосымша қаржы бөлу және орфандық аурулардың тізімін қайта қарау қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алдында бастамашылық жасау қажет екені айтылды.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі медициналық кадрлардың тапшылығы, сондай-ақ, қаланың емханаларындағы арнайы мамандардың жетіспеушілігі туралы мәселені де көтерді. Астанадағы қалалық ауруғананың қызметкерлерінің республикалық және жеке меншік клиникаларға ауысу проблемалардың бірі - ол медицина қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерінің төмен екенімен байланыстырды. Бұл өз кезегінде ем алудың қолжетімділігіне әсер етеді және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасына азаматтардың көптеген шағымдарын тудырады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының есебі назарға алынды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, жұмысты жақсарту бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар берілді.
"Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы "Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы", "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бөлінген белдеуде (белдеуден тыс) үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте", "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы"Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды және мақұлданды.
Қоғамдық кеңестің отырысына қала әкімінің орынбасары Е. О. Бекмурзаев, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.