Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!
22.10.2022
25 қазан – Республика күні ұлттық мерекеміз құтты болсын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәл осы күнді Республика күні ретінде атап өту туралы заңға қол қойғанын жақсы білесіздер.
Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы тарихи декларация қабылданған болатын. Бұл арайлы азаттығымызға жасалған нақты қадамның бірі, бұдан кейін жарияланған тәуелсіздігіміздің бастамасы, алғышарты болды.
Аталмыш тарихи күннен бүгінге дейін Қазақстан халқының бірлігі мен қажырлы еңбегінің, ерік-жігерінің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дамыған ел қалыптастыра білдік.
Республика күні әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызды мереке деп білемін. Өйткені бұл тәуелсіздіктің, берекесі жарасқан және бейбіт отанымыздың жарқын символы.
Еліміздегі әрбір шаңыраққа шаттық пен береке, егемен елімізге ашық аспан тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
Ерлан Каналимов