Жастар, қалай өмір сүріп жатырсыңдар?
30.05.2018
Қалалық мәслихат депутаттары өскелең ұрпақтың, әсіресе қыздардың адамгершілік тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет деп санайды. Жастар саясатының мәселесін іске асыруға арналған көпшілік алдындағы тыңдау кезінде астанада жас адамдар қандай қиыншылықтармен кездесетіні анықталды.
Астана қаласының қоғамдық даму ісі жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин ведомоствоның мамандары үлкен зерттеу жұмыстарын өткізді, - деп айтты. Осы талдауға жастар арасындағы демографиялық жағдай, ажырасу саны, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу, денсаулық және материалдық амандық көрсеткіштері туралы деректер енгізілді. Өкінішке орай, талдау қуанышты емес деректер көрсетті.
– Осы жылы әрбір бағыт бойынша жұмыс жасау үшін біз бұл зерттеуді арнайы өткіздік. Мысалы, талдау жастар арасында өлім саны өскенін көрсетті. Жылына 30-40 жас адамдар қаза табады – бұл бірсыпыра взвод. Біз өзіміз үшін бұған не себеп, бұл қандай себептер бойынша болғанын зерттеу міндетін қойдық. Мұнан былай бұл салада жұмысты арттыруды жоспарлаудамыз. Мүмкін, денсаулық сақтауға көңіл бөлу керек болады, бұл не абайсыздықтан болады және жол-көлік инфрақұрылымы мәселесіне назар аудару керек болады, - деп түсіндірді басқарма бастығы.
Сол арада, депутат Қарақат Әбден жастардың, сонымен қатар қыздардың мәдени-адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр ма? - деп білгісі келді. Депутаттың ойынша, тастанды балалар мен үлкен кісілердің саны өсуіне байланысты жұмыс нашар жүргізілуде.
Данияр Есин өткен жылы мәдени-адамгершілік тәрбие бойынша 200-ден аса кездесулер өткізілді, - деп түсіндірді. Алайда, жұмыс жеткіліксіз нәтижелі болғанына келісті. Дәл сол себепті де барлық деректер белгіленген талдау жүргізілді.
Бұдан басқа, депутат кейбір ауладағы клубтар жұмыс уақыты қызған кезде жабық деп ашуланды. Данияр Есин нақтылағандай, ауладағы клубтардың жұмыс форматын қайта қарап шығу жоспарлануда.
– Соның ішінде, ауладағы клубтың қызметкерлеріне жалақыны мезгілінде төлеу бойынша бірнеше мәселелер болды. Өрт қауіпсіздігінің талабына сәйкес келмейтін кейбір клубтар бар. Олардың орнына спортпен толық шұғылдану үшін қажетті шарттар болатын жаңа орындар құрылады, - деп атап өтті Данияр Есин.
Қосымша баяндамашы ретінде Қазақстан Қауымдастығының президенті Қанат Алин сөз сөйледі. Мектептерде дене шынықтыру оқытушылары өз міндеттеріне немқұрайлы қарайды, - деді ол.
– Қауымдастықтың тапсырмасы бойынша қызметкерлер көп мектептерге барды, мен, өзім де жасырын атпен сыныптар бойынша жүрдім, оқушылармен де және дене шынықтыру оқытушыларымен де сөйлестім. Нақты жағдай былай, балалардың жартысы дене шынықтырудан босатылған деген анықтама табады және сабаққа бармайды. Менің ойымша, балалар мектептен бастап жоғары оқу орнына дейін спортпен жай ғана шұғылданбай, бұл олардың өмір стилі болу үшін жалпы білім беру мекемесі негізінде спорт пәндерін ұйымдастыру бойынша кешенді жүйе енгізу қажет. Спорт адамды өмір бойы алып жүру керек – бұл ұлттың денсаулығы, - деп атап өтті Қанат Алин.
Ол бұл мәселеге жүйе-жүйемен келуді – атап айтқанда, әрбір оқушы қалауынша спорт түрін таңдап, ал сосын жарыстарға қатыса алатын мектеп лигасы мен секциясын құруды ұсынды. Бұл дене шынықтыруды тек қана немқұрайлы өткізуге емес, бірақ өзінің спорт нәтижесін көрсетуге де көмектеседі. Осындай тәжірибе астана лицейінің біреуіне үлгі ретінде енгізілуде.
Алайда, қаланың мәдениет және спорт басқармасы өкілдері зерттеудің ұсынылған нәтижесімен келіспеді. Ведомство басшысының орынбасары Берік Маржықпаев бөтен адамға мектепке жасырын атпен кіру мүмкін емес, - деді. Ол үшін білім беру мекемесі директорының рұқсатын алу қажет.
– Айтылған осындай жағдай 10-15 жыл бұрын орын алған. Бүгін ол олай емес. Барлық мектептерде жоғары білімді оқытушылар жұмыс істейді, өйткені Астанада дене шынықтыру және спорт факультеті бар. Оқытушылардың жұмысын біз үнемі бақылауда ұстаймыз. Мен мектеп оқытушылары өз жұмысына немқұрайлы қарауды болдырмайтынына сенімдімін. Мектеп оқушылары жылы айларда жеңіл атлетикамен, суық айларда – спорттың қысқы түрімен айналысады, - деді Берік Маржықпаев.
Пікірсайысқа «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының басшысы – Ілияс Түстікбаев, «Астана медицина университеті» АҚ жастар ісі жөніндегі деканы – Алтынбек Нұрмұханов қатысты.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік алдындағы тыңдауына Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, қала басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері қатысты.