Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
30.08.2022
Мәслихат депутаттарының және жеке өз атымнан сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Ата Заң көп этносты халқымыздың бірлігі мен келешегінің символы. Заңда жазылған әрбір норма елдігіміздің берік кепілі әрі ел азаматтарының құқығын қамтамасыз етуші маңызды қағида.
Әділет, заң үстемдік құрған кез келген мемлекетте өрлеу, бейбітшілік болады. Сондықтан еліміздің тәуелсіздік жылдары түрлі салада қол жеткізген жетістіктерінің бәрі Ата Заңда жазылған қағидалардың негізінде жүзеге асты деуге толық негіз бар.
Құқықтық мемлекет құру туралы еліміздің нық ұстанымы адамзаттық игіліктерді назарға алған маңызды үрдіс. Сондықтан Ата Заңымызда жазылған өміршең қағидалар сәтті іске асып, еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болғай!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов