Жастар, ішкі саясат, дін істері және әлеуетті құрылымдар мәселелері бойынша бюджеттік өтінімдерді қарау
27.07.2022
Қалалық мәслихатта Гүлжамал Жапарованың төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста ішкі және жастар саясаты, дін істері мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының және құқық қорғау органдарының бюджеттік өтінімдері қаралды.
Бірінші болып Полиция департаменті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Айгүл Құрманбекова сөз сөйледі. Ол төлемдер сомасының ұлғаюына байланысты тұрғын үй төлемдері бойынша қосымша қаражат қажеттілігі туралы хабарлады. Сондай-ақ коммуналдық шығыстарды, оның ішінде ПД балансына берілген жаңа объектілер төлемдеріне байланысты қажеттілік бар.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов ПД-нің кешенді жоспарға сәйкес барлық мәселелерінің шешілуіне қатысты сұрақ қойды. Арнайы жедел ден қою жасағы (СОБР) ғимаратында қазіргі жағдай қандай, Конституция күні қарсаңында депутаттарға кешенді жоспар тармақтарының іске асырылуына көз жеткізу үшін ғимаратқа барып шығу мүмкіндігі бар ма? Каналимов полиция полкіне арналған ғимаратқа қатысты сұрақ қойды, АЭА аумағында орналасқан ПД таңдаған ғимарат сатылмайтыны белгілі болды, өйткені ол «Бизнестің жол картасы – 2025» аймағында орналасқан. Сондықтан басқа нұсқаларды қарастыру керек, бірақ бұл мәселе бойынша ПД тамыз айына үлгермейді. Дегенмен, биылғы жылы ПД қажеттіліктеріне жеткілікті қаражат бөлінгенін атап өткен жөн.
Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Жаңасыл Шаукентаев қосымша қажеттілік қызметкерлерге үстемақы төлеу үшін қажет екенін баяндады.
Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова тұрақты комиссия отырысының қарауына жалақыға үстемақы төлеуге қосымша қажеттілік өтінімін ұсынды.
Депутат Владислав Сергеев қазір басқарма ақпараттық орталықтың жұмысына қосымша қаражат сұрап отырғанын, алайда жыл басында қомақты сома қолдау тапқанын атап өтті. Жылдың басында ақша қаражаты бөлінген, енді жыл соңында қаражат қандай мақсатпен сұралып отыр? Депутат қосымша қаржыландыруға басқа да өтінімдердің түсуіне байланысты бұл өтінім қосымша талқыланатынын мәлімдеді.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров депутаттарға «Өзіңнен баста», «Bookfest», «Nur-Sultan City Quest», «Bolashaqqa Jol» сияқты бірқатар жобаларды іске асыруға байланысты қосымша қажеттілік бар екенін хабарлады.
Депутат Сергеев бұрын Кирпичный тұрғын алабының мәселесі талқыланғанын, бағалау үшін құжат қажет болғанын еске салды. Мемлекеттік мүлік департаментімен аула клубы үшін ғимарат сатып алу мәселесін талқылау қажет, тұрғын алабы халқының саны 12 мыңды құрайды, оның үштен бір бөлігі жастар.
Депутат Жанқонақов аула клубтарын жабдықтауға қатысты сұрақ қойды. Ол Артспорт жобасын жарақтандыруға сұралып отырған сома мен аула клубтарының сомасы салыстыруға келмейтінін атап өтті, аула клубтарын жарақтандыруға бірнеше есе аз қаражат бөлінеді.
Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов депутаттарға басқарманың ақпараттық жұмысы белгілі бір жетістікке жеткенін хабарлады. Мысалы, YouTube сайтында орналастырылған қысқа метражды фильмдер өз жемісін беруде. Фильм тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ қазақ тілді азаматтар бар шет елдерде, Қырғызстанда, Өзбекстанда да көп қарауларға ие болған. Осы жылдың соңына дейін осындай мазмұндағы тағы екі фильм түсіру жоспарланып отыр. Осыған байланысты басқарма қысқа метражды фильмдер түсіру үшін қосымша қаржыландыруды қолдауды сұрайды.
Мәслихат хатшысы дарынды режиссер жасаған фильмді көруге кеңес берді. Осы фильмді YouTube-те орналастырғаннан кейін, 7 аймақта фильмдер жасауға қаражат бөлу туралы тапсырмалар берілді. «Жұмбақ» фильмінің мазмұны өте сапалы. Жақында фильмнің орыс тіліне аударылымы дайын болады және орыс тілді аудиторияға ұсынылатын болады. Ол Конституция күні қарсаңында депутаттардың фильмді ұжыммен қарауын ұйымдастыруды сұрады.
Депутат Батыр Котырев басқармаға экологиялық қауіпсіздікті сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жастарға арналған фильм жасау туралы ой тастады.
Мәслихат хатшысы әріптесін қолдап, жақында жоғары сынып оқушыларының ескерткіштерді сырғанақ ретінде пайдаланып жүргеніне куә болғанын айтты. Бұл цифрландыру басқармасының жұмысындағы олқылық, ол ескерткіштерді бейнекамералармен жабдықтауды қамтамасыз етуі керек еді. Әсіресе, бұл жағдайда қынжылтатыны, учаскелік инспектор ескерту жасаған кезде, ата-аналардың бұдан еш әбестік көрмей, немқұрайлы қарауы.
Үш басқарма: экономика, қаржы, мемлекеттік мүлік басқармалары бюджеттің орындалуына жауап береді, сондықтан бөлінген қаражаттың жыл соңында игерілмей қалуы проблемалары болмау үшін, қазір үшінші нақтылауда бұл басқармалар мен тексеру комиссиясы, оның ішінде ықтимал тәуекелдер туралы айтуы керек. Басқармалар оңтайландыру бойынша ұсыныстар беріп, әкімшілердің қай жерде проблемалары бар екенін алдын-ала көрсетуі керек. Каналимов бюджеттің игерілуін ескере отырып, дүйсенбіде тәуекелдер бойынша ақпарат беруді сұрады.
Сондай-ақ, ол дүйсенбіде Затаевич көшесіндегі әскерге шақыру пункті туралы ақпарат және қаланың барлық төрт ауданында шақыру пункттерін құру туралы ұсыныстар беруді сұрады.
Отырыс төрағасы Жапарова ең маңызды әлеуметтік блок қарастырылғанын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті. Барлық қаражат жоспарларға сәйкес жоғары жауапкершілікпен пайдаланылуы керек.