«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ бос лауазымға орналасуға сұхбаттасу
21.07.2022
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ-нде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-әкімшілік жұмысы бөлімінің жетекші маманы (D-5) бос лауазымына орналасу бойынша конкурс шеңберінде үміткер кандидаттармен сұхбаттасу өткізілді.
Конкурстық комиссия отырысының жұмысына байқаушы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы қатысты.
Бос лауазымға орналасуға 11 адам өтініш берді. Оның ішінде сұхбаттасуға 5 адам жіберілді. 2 үміткер қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысты.
Сұхбаттасу қатысушыларына алдағы жұмыс бейіні бойынша заңнамалық базалық сұрақтар, кандидаттың эмоционалды интеллект деңгейін айқындайтын, ситуациялық және т. б. сұрақтар қойылды.
Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ сұхбаттасу нәтижелері бойынша өз бағаларын қояды, оның нәтижелері бойынша конкурс комиссиясының шешімі қабылданатын болады.