Құрметті елордалықтар және қала қонақтары!
06.07.2022
Сіздерді 6 шілде – Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Еңселі Елордамыз ел егемендігінің символы, жаңашылдық пен жарқын өмірдің ордасы. Еуразия төріндегі бас қаламыз шығыс пен батыстың үздік туындыларын, өміршең мұраттарды бойына жинақтаған футуристік шаһарға айналды.
Елорда бүгінде экономикасы нығайған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан жасампаз қала саналады. Шаһарда тек еліміздегі ғана емес әлемдік деңгейдегі ірі шешімдер қабылданатын алқалы диалог алаңдары ұйымдастырылуда. Әлем жұрты елімізді арайлы астанамызға, оның жетістіктеріне қарап таниды.
Осыдан ширек ғасыр бұрын астана статусын алуы қаламыздың тынысын ашып, жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Қалада еліміздің түкпір-түкпірінен келген креативті, жалынды жастардың шоғыры қалыптасты. Бұл жастар өз болашағын осы қаламен байланыстырып, оны дамытуға күш-қуатын жұмсауға атсалысуда.
Сүйікті астанамыздың болашағы жарқын болғай.
Елорда күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы
Е. Каналимов