Елордалық мәслихат депутаттары тұрақ қызметі үшін тарифтердің көтерілуін қолдамайды
30.06.2022
Қалалық мәслихат депутаттары ақылы тұрақ қызметі үшін қолданыстағы тарифтердің көтерілуін қолдамайды. Осы және басқа да мәселелер бүгін кезекті сессияның мәселелерін талқылау бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралды. Ақылы автотұрақтар бойынша МЖӘ жобасы депутаттардың көптеген сұрақтарын тудырды. Наурыздан мамырға дейін Жобаның кірісі 1 млрд 600 млн теңгеден асты және бұл цифрларды айыппұлдар түскеннен бастап, мемлекеттік әріптес 1.5 млрд теңге алды. Осыған байланысты, бүгінде 3 АЕК-ті құрайтын айыппұл мөлшерін азайту жағына қарай қайта қарауды, сондай-ақ оларды төлеу мерзімін ұлғайтуды тапсырды.
"Мен баламалы ақылы болуы керек тегін тұрақтар туралы мәселені көтердім. ХӘОТ санатындағы автокөлік иелеріне ерекше назар аудару қажет, төлем кезінде барлық жеңілдіктер автоматты түрде оқылмайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ақпараттық жұмысты күшейту, сондай - ақ қоғамдық көлікті бірлесіп дамыту туралы тағы да ескеру қажет", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.