Құрметті медицина қызметкерлері!
17.06.2022
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен жеке өз атымнан және елорда мәслихаты атынан шын жүректен құттықтаймын!
Қазақта «Тәні саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар. Тәннің саулығы ең бірінші адамның өзіне, екіншіден Өздеріңіз секілді ақ халатты абзал жандардың қажырлы еңбегіне байланысты. Сіздер қай кезде де қиналған жандарға қол ұшын созып, талай жанды өлімнен арашалап жүрсіздер.
Адамның жанын да, тәнін де емдейтін кең жүректі, білікті дәрігерлер қоғамдағы ең сыйлы кәсіп иелері. Өйткені бұл ең қиын әрі аса жауапты сала. Сондықтан бүгінгі кәсіби мереке күні атқарып жүрген қажырлы қызметтеріңіз үшін барлығыңызға өз ризашылығымды білдіремін.
Дені сау ұлт қалыптастыру мемлекеттің басты бағдары. Қазір осы мақсатта қаладағы медицина ұйымдары қызметінің сапасын жақсарту, білікті дәрігер-мамандар санын көбейту, бұқаралық спортты дамыту, қаланың экологиялық тазалығын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр.
Атқарылған жұмыстар аз емес, дегенмен алда әлі талай жұмыстар күтіп тұр. Осы бағыттағы ортақ жұмысымыз табысты болғай!
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов