Депутат күні
30.05.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен Депутат күні өтті, онда «Жергілікті атқарушы органның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын іске асыруы барысы туралы» мәселе қаралды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы Сәкен Есіркеп баяндама жасап, Депутат күніне қатысып отырғандарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.
Барлығы 200-ден астам іс-шара, оның ішінде конференциялар, семинарлар, мерекелік концерттер, автомотожорық, түрлі конкурстар өткізу жоспарлануда.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 4 маусымда Орталық алаңда мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға мәртебелі қонақтар мен әскери қызметшілер қатысады. Сағат 9.00-де «Тәуелсіздіктің тірегі – жастар» автомотожорығы (40 автомашина және 10 мотоцикл) басталады, жиын «Атамекен - Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде басталып, іс-шара Отан қорғаушылар саябағында аяқталады. Бір сағаттан кейін «Тіл және рәміз - Тәуелсіздік жаршысы!» патриоттық акциясы басталады. Сондай-ақ «Менің туым - менің мақтанышым!» атты патриоттық флэшмоб, Еркеғали Рахмадиев атындағы қалалық филармонияда үлкен мерекелік концерт өтеді. Билбордтарда, пилондарда және LED-экрандарда мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған қанатты сөздер орналастырылады. 5 мың жалауша тарату жоспарлануда, қала бойынша, оның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде, балкондарда, орталықта және шеткері аймақтарда жалаулар ілінеді.
Сәкен Есіркеп қалада Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңын іске асыру мәселесі бойынша тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейтінін атап өтті. Қазіргі уақытта 45 білім беру ұйымына мониторинг жүргізілді, оның нәтижесінде кейбір ұйымдарда мемлекеттік тулардың тозғаны, бастапқы түрін, түсін жоғалтқаны, дұрыс орналастырылмағаны, кейбір тулардың сабы жарамсыз болып қалғаны анықталды.
Депутат Ерлан Дакенов басқарманың мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар дайындағанына қанағаттанушылық білдірді. Алайда, депутаттың пікірінше, аса маңызды оқиғалар - қалалықтар қатарынан маңызды тұлғалардың қатысуымен мерекелік концертті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізетін патриоттар форумын белсенді ақпараттық сүйемелдеу қажет. Екінші мәселе - мемлекеттік рәміздерді қай жерлерде орналастыру жоспарланып отыр. Келесі сұрақ - 50 көліктің бағыты қайдан басталады? Дакенов жалауларды халық ең көп жиналатын жерлерде ілуді, жалаушаларды сол және оң жағалауда таратуды ұсынды.
Депутат Ләззат Оразбекова-Төлеуханова ішкі саясат басқармасымен бірлесіп қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын сұрады. Сондай-ақ, ол аталған іс-шаралармен қатар ірі әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізудің қажеттілігін атап өтті.
Депутат Нұрдәулет Оразханов әр түрлі патриоттық акциялар ғана емес, бірінші кезекте балабақшадан бастап ЖОО-на дейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары үшін іс-шаралар өткізуді ұсынды, өйткені кейде интернеттен жастардың мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасының оң бола бермейтінін көруге болады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов отырысты қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздерге арналған кешенді ведомствоаралық бағдарлама әзірленуі тиіс екенін атап өтті. Адамдар патриот болып туылмайды, олар өсе келе патриот болады. Патриоттарды тәрбиелеу - бұл өте күрделі процесс. Биыл депутаттар соңғы қоңырауға арналған мерекелерге қатысты. Бірінші сынып оқушыларының еліміздің әнұранын шырқағаны депутаттарды қуантты. Каналимов балалардың бойында патриотизмді тәрбиелеу – мүдделі мемлекеттік органдар мен жалпы қоғам үшін ортақ міндет екенін атап өтті.
Мысалы, АҚШ азаматтарының патриотизмі құрметке және еліктеуге лайық. Ол Қазақстанға алғаш рет келгендерге жалауша сыйлауды ұсынды. Патриоттық тәрбие тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Жастардың патриоттық тәрбиесі көбінесе мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне байланысты. Мысалы, олимпиадашылардың қазақстандық спорттық формасы. Ол шетелдіктердің назарын аударғаны белгілі. Патриоттық тәрбие - бұл бір күндік жұмыс емес және оған барлық мемлекеттік органдар қатысуы керек.