Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
28.06.2018
2018 жылдың 28 маусымында Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар халықтың жұмыспен қамтылуы және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Астанақаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың сөздері бойынша, еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Республикалық көрсеткішпен салыстырғанда Астанада жұмыссыздық деңгейі ең төмен – 4,6 %.
Депутаттар сессия қарсаңында Халықты жұмыспен қамту орталығына барды, Орталық жұмысының жаңа форматымен танысты. Бұл ізденушілермен және «Электронды еңбек биржасы» жобасыменпроактивтік жұмыс форматын енгізу. Жұмысқа орналасу бойынша бірыңғай цифрлі алаң құру үшін enbek.kz. базасында әрекет ететін база құрылды.
Бұл мәселені талқылай келе, депутаттар орын алған проблемалар туралы айтты. Бұл еңбек ресурстарының нарық қажеттіліктерімен сәйкессіздігі, өздігімен жұмыспен қамтылған адамдардың уақтылы тіркелмеуі, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.
Депутаттар қалалық қоғамдық көлікте және Астана қаласының қала маңындағы қатынастарда жолақының сараланған тарифін келісу мәселесін қарады. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Асхат Карагойшин айтып кеткендей, енгізілетін тариф қоғамдық көлікте жолақы төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдікті санатына қатысты емес. Сараланған тарифті а.ж. шілде айының ортасында енгізу жоспарланады.
Бұдан басқа, депутаттар соттың шешімімен Астана қаласының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған Иесіз қалдықтарды басқару ережесін, дәрі-дәрмек беру мәселелерін талқылады, Астана қаласы Ішкі істер депаратментінің жергілікті полиция қызметінің есебін тыңдады, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісті, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарын бекітті және басқа да мәселелерді қарады. Мәслихат сессиясының шешімімен мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілетін негізгі мәселелер айқындалды, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.
Сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахметов С.К., Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Хорошун С.М., Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова М.Е., қала басқармалары мен департаменттерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.