Елордалық СОБРа ғимараты пайдалануға беруге дайындалуда
04.05.2022
Қалалық мәслихат қабырғасында, оның ішінде көшпелі кеңестерде де депутаттар тәртіп сақшыларының жұмысын жақсарту мәселелерін бірнеше рет көтерді. Оның ішінде жедел ден қою мамандандырылған жасағы мен патрульдік полиция полкін көшіру. Араға 5 жыл салып Күмісбеков көшесіндегі қалалық СОБР үшін ғимаратты пайдалануға беруге дайындалуда. Оның құрылысы жосықсыз мердігермен болған сот дауларына байланысты ұзаққа созылды. Жақын арада жедел әрекет ету жасағының 500-ге жуық қызметкері қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, патрульдік полиция полкіне арналған ғимарат мәселесі іс жүзінде шешілді. Бұл мақсаттарға ақша бөлінді және қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттар мен арнайы техникаға арналған ангарлар үшін алаңдар іздестірілуде.