"Сарыарқа" ауданы қалай дамиды?
12.05.2022
Бүгін елорда әкімінің "Сарыарқа"ауданының тұрғындарымен кездесуінде даму және проблемалық мәселелер талқыланды. Баяндамалар жоқ, "сұрақ - жауап" форматында өтті. Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Жиі қойылатын сұрақтар қатарында - ескі және апатты тұрғын үйлерді бұзу, ось қызметі, тұрғын үй алаптарын дамыту, жақында 24 жасқа толған елорданың ең көне аудандарының бірін абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бар. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, басқа да проблемалық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын бақылауды қалалық мәслихат депутаттары да жүзеге асыратын болады.
"Мен әлеуметтік желілердегі парақшаларымда елорданың белсенді тұрғындарымен кездесулерде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы жарияланымдарды бастадым. Қала әкімі мен қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен осындай форматтағы кездесулер елорданың барлық аудандарында бірнеше рет өтеді", - деп атап өтті қалалық мәслихат хатшысы Е.Каналимов.