Елорданың дамуына қосқан үлестері үшін
05.07.2018
Астана күні қарсаңында Президент Жарлығына сәйкес «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен Қазақстанның және оның елордасының қалыптасуы мен дамуына қосқан маңызды үлестері үшін қалалық мәслихаттың алтыншы шақырылымының, сондай-ақ, өткен бес шақырылымының депутаттары марапатталды.
Мәслихат хатшысы елорданың 20 жылдығына орай марапаттау барысында айтқан сөзінде мәслихаттың алты шақырылымының депутаттары сүйікті елордамыз - Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қаланың және оның тұрғындарының барлық міндеттері мен проблемаларына жан-жақты және терең бойлай отыра үлкен үлестерін қосқандығын атап айтты.
- Біз бүгінгі таңда Президентіміздің перзенті, республикамыздың жас астанасында тұрып жатырмыз және еңбек етудеміз.
Мереке күнінде біз елордамыздың құрылу кезеңінен бері үлес қосып келе жатқан азаматтарға алғыс айтамыз. Аз уақыт кезеңінде елорданың депутаттық корпусы көптеген тағдырды шешетін шешімдер қабылдады, ол көп жағдайда Мемлекет басшысының елордаға деген көзқарасында анықталған стратегиялық жоспарларды орындау және қойылған міндеттерді іске асырудағы сәттілікке байланысты болды.
Алғыс сөздерімен өткен шақырылымдардың депутаттары Вера Лукьянец, Қаршыға Құлмұканов, Мағжан Садықанов, Бақыт Ахметовалар сөз сөйледі.