Елорданың Қоғамдық кеңесін құру аяқталды
28.03.2022
Қалалық мәслихатта Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы өз қызметін аяқтады, заңнамамен бекітілген құзыреттерге сәйкес барлық ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді.
Конкурс Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізілді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан барлығы 117 (бір жүз он жеті) өтініш түсті, алайда кейіннен 5 (бес) кандидат конкурсқа қатысудан бас тартты.
Ниет білдірушілер санының көптігіне байланысты Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша әңгімелесу үш күн және әр кандидатпен жеке жүргізілді. Үш кандидатпен олардың өтініштері негізінде әңгімелесу онлайн режимінде өтті.
Әңгімелесу өткізу процесінде Жұмыс тобының мүшелері белгіленген нысан бойынша Бағалау парақтарын толтырды, онда өлшемшарттар (қоғамдық өмірге, коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысу тәжірибесінің болуы, белгілі бір жетістіктерінің болуы және т.б.) және әңгімелесу қорытындылары бойынша баллдар айқындалды.
2022 жылғы 28 наурызда Жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті, онда ашық дауыс беру арқылы 31 адам сайланды, олар жиналған баллдардың нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына кірді, сондай-ақ 20 кандидаттан тұратын Резервтік тізім қалыптастырылды.
Сайланғандардың ішінде ең көбі әртүрлі үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері – 52%, білім беру жүйесінің қызметкерлері - 16 %, ал қалған 32%-дың ішіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер, заңгерлер, құрылысшылар және т.б. кірді. Қоғамдық кеңестің құрамында мемлекеттік қызметшілер, Парламент, мәслихат депутаттары жоқ. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын қалалық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынды. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін тізім бұқаралық ақпарат құралдарында және мәслихаттың ресми сайтында орналастырылатын болады.
Үш жыл бойы елордада Қоғамдық кеңес қызмет атқарады, оның негізгі миссиясы - қоғамды саяси жаңғыртуға жәрдемдесу және мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнату.