“AMANAT: аты өзгерді, заты не береді?” сұрағына жауап
09.03.2022
ASTANA TV арнасының "Айтарым бар" әлеуметтік ток-шоуына қатыстым. Бағдарламаның кезекті саны партияның атқарар жұмыстары мен алдағы жоспарына арналды. "AMANAT: аты өзгерді, заты не береді?" тақырыбында ой-талқы жасадық. Ток-шоуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек, Жұлдыз Сүлейменова, Нұрлыбек Ожаев, Геннадий Шиповских қатысты.
Партияның атауынан бастап, қолға алынып жатқан жаңа жобалар туралы пікір білдірдім. Мәселен, ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Өрлеу" бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілетін шыңдауға, кәсіп ашуға жағдай жасалады. Біз ауылда ешкім қалмады, жастар ауылға тұрақтамайды деп жиі шағым айтамыз. Ал егер оларға қолдау көрсетілсе, жұмыс істеуге мүмкіндік жасалса әрине, ауыл халқының да жағдайы жақсарады.
Одан соң кешегі өткен қаңтар қасіреті де жас буынмен жұмысты күшейту керегін анық көрсетті. Жастардың рухын көтеру, отансүйгіштікке тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда «Қайсар» әскери жобасының да берері мол болмақ, - деді қалалық мәслихат депутаты Ляззат Разбекова-Төлеуханова.