Елордалық гимнасттардың ел чемпионатында алғаш болуы
04.03.2022
Шымкентте өткен көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында елорда құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл тәлімгерлердің, спортшылардың және олардың ата-аналарының үлкен жұмысы. Көптеген адамдар үшін бұл жеңіс өмірде бірінші болып табылады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордалық мәслихаттың хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласы көркем гимнастика федерациясының құрметті президенті Ерлан Каналимов көркем гимнастика федерациясының жеңімпаздарын, жүлдегерлерін, жаттықтырушыларын, өкілдерін алғыс хаттармен, сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Елордалық мәслихат депутаттарының атынан ол алдағы уақытта да жеңістер мен елордамыздың жоғары спорттық мәртебесін растауды жалғастыруды тіледі. Алда республикалық және халықаралық деңгейдегі жаңа старттар күтіп тұр.