Сенатор А.Күрішбаевпен кездесуде айтылған “Пригородный” т/а жоспарлы жұмыстары
17.03.2022
Апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, қоғамдық көлік бағыттарын қайта қарау, қоқыс шығару, санитарлық тазалау және тағы басқалар. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевпен бірге тұрғын үй массиві мен "Пригородный"саяжай қоғамдары тұрғындарының проблемалық мәселелерін талқылады. Биылғы жылы Арнасай көшесіндегі №115 және №126 үйлердің аумағында балалар алаңдарын абаттандыру және орнату бойынша жұмыстарды жүргізу, "көлік, жол - көлік инфрақұрылымы басқармасы" ММ теңгерімінен "Аспан" спорт кешеніне қарай 697 көшесіндегі жолды "Есіл"ауданы әкімдігінің теңгеріміне беру жоспарлануда.
"Сонымен қатар, тұрғын үй массивінің көшелерін жарықтандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіледі. Қазіргі уақытта Арнасай көшесіндегі №111 және №114 жатақханаларды бұзуға жататын үйлер тізіміне қосу мәселелері пысықталуда; "Пригородный" 51, 12 және 10 т /ж автобустарының "Аспан" спорт кешеніне қарай жүру нұсқалары және тағы басқалары қарастырылуда", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.