Әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөніндегі кезектен тыс сессия
16.03.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша әкім аппараты басшысының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек сөз сөйледі. Ол шешімге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамына әкімнің жаңа орынбасарлары - Есет Берікұлы Байкенді, Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаевты, Берік Оралұлы Жакеновты енгізуге қатысты толықтырулар енгізілгенін хабарлады.
2022 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы Сәуле Нұрғожина баяндады.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 67 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (205 221 теңге) көрсетіледі.
Ағымдағы жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Осылайша, Ұлы Отан соғысының 18 ардагеріне 1 005 221 (бір миллион бес мың екі жүз жиырма бір) теңге төленеді.
Сондай-ақ Сәуле Нұрғожина «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын жеткізуге және орнатуға байланысты, бірақ 130 АЕК-тен аспайтын нақты шығындары негізге алына отырып анықталатыны туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тұрақты комиссия отырысы барысында депутаттар газдандыруға қосылатын тұрғын үй алаптарында ХӘОТ санаты қатарынан қанша адам тұратыны туралы толық ақпарат беруді сұрағанын еске салды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов депутаттарға «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар жобаларын келісу туралы» мәселе бойынша ақпарат берді. Барлық қажетті рәсімдер өткізілді, жер учаскелерінің 44 меншік иесінің келісімі бар.
Келесі мәселе Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге қатысты болды. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы депутаттарға комиссия құрамындағы өзгерістер кадр мәселелеріне байланысты екенін айтып, шешім жобасын қолдауды сұрады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Нұрлан Ұранхаев Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жер комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе бойынша сөз сөйледі.
Сондай-ақ, кадрлық тағайындауларға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына; Азаматтардың жекелеген санаттарына елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанына ақы төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамына; Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның құрамына; Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Барлық сұрақтар бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина хабардар етті.
Мәслихат хатшысы мәслихаттың кезектен тыс сессиясының талқылауына шығарылған барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралғанын атап өтті. Мәселелердің 70% -ы әлеуметтік салаға, елорда азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты.
«Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы» мәселе бойынша Сәуле Нұрғожина сөз сөйлеп, осы шешімді жоюға, ал комиссия құрамын қайта бекітуді уәкілетті органның қарауына қалдыруды ұсынды, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді.
Кезектен тыс сессияны қорытындылай келе, Ерлан Каналимов сессия қатысушыларын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бейбітшілік, амандық және табыс тіледі.