Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы
11.03.2022
Елордалық мәслихатта А.М. Танирбергенованың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы отырысты ашып, күн тәртібіне шығарылған мәселелерді атады. Олардың арасында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан түскен құжаттарды талқылау, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттармен әңгімелесу өткізу күнін анықтау, жұмыс тобының мүшелері белгілеген нысан бойынша Кандидаттарды бағалау парағын бекіту, Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын қарау және басқа да мәселелер бар.
Отырыс жұмысы барысында 2022 жылғы 15, 16, 17 наурызда сағат 14.00-де Бейбітшілік көшесі, 11, 221-ші кабинетте өтетін әңгімелесу өткізу кестесі жасалды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдарына және Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының хаттамасына сәйкес кандидаттарды бағалау критерийлері айқындалды, оған кандидаттың білім деңгейі, біліктілігі және мамандығы туралы мәліметтер; қоғамдық немесе қайырымдылық қызметке қатысу не өзге де консультативтік-кеңесші органдарға мүшелік (қатысу) тәжірибесінің болуы; кандидаттың Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі; белгілі бір жетістіктердің, көтермелеулердің, наградалардың болуы; азаматтық қоғамның, оның ішінде ҮЕҰ-ның өкілдігі; Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың Қоғамдық кеңес жұмысына сараптамалық сүйемелдеу ұйымдастыруға даярлығы; Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатпен әңгімелесу өткізу барысында айқындалатын адамгершілік, ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттері, коммуникативтік дағдылары туралы мәліметтер енгізілді.
Әңгімелесу аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Кандидаттарды бағалау парақтарын толтырады.