Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
10.03.2022
Қалалық мәслихатта Алтыншаш Табулдинаның төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары туралы Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат шешімдерінің жобаларын қарауға қатысты мәселе талқыланды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Илья Скуб баяндама жасады. Ол депутаттарға халықты әлеуметтік қолдау шараларын арттыру мақсатында газдандыру шығындарын өтеуге әлеуметтік көмекті 90 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылғанын, бұл 398 190 теңгені құрайтынын, оған бюджеттен қосымша 18,4 млн. теңге қажет етілетінін хабарлады.
Депутат Бауыржан Жанқонақов баяндамашыға қолдауға мұқтаж азаматтардың саны туралы сұрақ қойды, болжалды тізім бар ма.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов ең төменгі сома 400 мың теңгені құрайтынын ескере отырып, ХӘОТ санатын көрсете отырып, барлық тұрғын үй алаптары бойынша егжей-тегжейлі талдау дайындауды, одан әрі аудан әкімдіктерімен бірлесіп атаулы жұмыс істеуді ұсынды. Ол мұндай көмекті пайдалану мүмкіндігі туралы әлі күнге дейін біле бермейтін азаматтардың бар екенін, барлығы уақытында жүгіне алмайтынын, кейбіреулерінде қажетті құжаттар жоқ, олардың көпшілігі жұмыс істейтінін және жұмыс күндері осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі кеңес алуға мүмкіндігі жоқ екенін ескертті.
Осыған байланысты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерекқорына сәйкес осы санаттағы қанша адам тұрғын үй алаптарында тұратыны туралы ақпарат дайындау қажет. Бұл жаңа тұрғын алаптарын газдандыруға қосуға байланысты өзекті болып отыр, тұрғын алаптарының 300 мың тұрғынының қаншасы ХӘОТ санатына жатады.
«2022 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» екінші мәселе бойынша Илья Скуб депутаттарға Ұлы Отан соғысының 18 ардагеріне 1 млн. теңге көлемінде көмек көрсету жоспарланғанын хабарлады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов егер жоғарыда аталған сома 1 млн.теңге мөлшерінде болса, депутаттар мұны қолдауы тиіс екенін, алайда жыл ішінде елорда ардагерлеріне қосымша көмек жоспарлауға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол депутаттарға ағымдағы жылдың 9 мамырында ардагерлерді құттықтауға қатысуды ұсынды, өткен жылы карантиндік шектеулерге байланысты оларға баруға мүмкіндік болмады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Алтыншаш Табулдина отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссия отырысының қарауына енгізілген мәселелер талқыланғанын және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатынын айтты.