Жер учаскелерін иеліктен шығару мәселелері
10.03.2022
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтың төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселе талқыланды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Әнуар Саипов депутаттарды әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы хабардар етті, осыған байланысты тұрақты комиссия отырысының қарауына жер учаскелерін алып қою мәселесі шығарылады.
Әлеуметтік нысандар тізбесіне К.Күмісбеков және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында орналасқан, паркингі бар Ақерке-2 көппәтерлі тұрғын үй кешені (2-кезек); әкімшілік ғимарат; Бөгенбай батыр даңғылынан К.Күмісбеков көшесіне дейін Сарыарқа даңғылы; Шарль де Голль және А.Тоқпанов көшелерінің қиылысы ауданындағы көшелер; Хусейн бен Талал көшесі; Егемен Қазақстан және А. Иманов көшелерінің қиылысындағы мектеп кіреді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері онлайн режимінде тұрақты комиссияның отырысына қатысуға шақырылды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Көпешов жер учаскелерінің иелеріне әлеуметтік нысандардың құрылысына байланысты жер учаскелері алынғаны туралы хабарлады. Жер учаскелерінің меншік иелері өтемақы сомасымен танысқандықтарын растады.
Сондай-ақ, Нұрлан Көпешов тұрақты комиссия отырысына қатысушыларға жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі мәслихат сессиясының қарауына енгізілетінін хабарлады.