Ардақты аналар! Аяулы арулар!
06.03.2022
Елорда мәслихатының атынан және жеке өз атымнан сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы бүгінгі мереке жан-дүниені жадыратып, жүректерге шуақ береді. Өйткені бұл жаны нәзік, ісі мығым әйел-аналарымыз бен қызғалдақтай құлпырған қыздарымыздың мерекесі.
Көңілдеріңіз көктемдей жайдары, қолға алған істеріңіз әрдайым табысты болсын. Мереке тек жақсылығы мен қуанышын ала келіп, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, отбасылық бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихытының хатшысы Е.Каналимов