“Үркер” тұрғын алабы: жақсы дәстүрдің бастауы
05.03.2022
Үркер " тұрғын алабының тарихында алғаш рет "Urker Aueni"фестивалі сәтті өтті. "Urker Aueni" фестивалі-бұл еңбегі сіңген педагогтарды, белсенді азаматтарды құрметтеу, сондай-ақ елордамыздың ән және би ұжымдарының қатысуымен өтетін концерт. Іс-шараны ұйымдастырушы ретінде астаналық мәслихат депутаты Назгүл Макжан сөз сөйледі. "Тұрғын үй массивіне бекітілген біздің депутат мұнда бір жылдан астам уақыт бойы өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау және жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Оның көмегімен жақын арада біздің тұрғын үй алабында мектеп пен мәдениет үйі пайда болады деп үміттенеміз. Мұнда ол “жиі қонақ", - дейді жергілікті тұрғындар.
Қазіргі уақытта елордада 16 тұрғын үй алабы бар, мұнда қала халқының төрттен бір бөлігі тұрады. Бүгінгі іс - шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Есіл ауданының әкімі, белгілі тележүргізушілер, журналистер мен блогерлер белсенді түрде қолдау көрсетті.
Салтанатты рәсім барысында тұрғын үй алабының 30-ға жуық мұғалім жетістіктері мен табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды. Тағы 15 педагогты Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданының әкімі алғыс хаттармен марапаттады.
"ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыруда педагогтар ерекше және маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу, олар үшін жаңа Қазақстанды құру. Бүгінгі фестиваль-бұл жақсы бастама. Тұрғын үй алаптарында осындай маңызды іс - шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу қажет", - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.
Шараны ұйымдастырушы мәслихат депутаты Назгүл Макжан бүгінгі фестиваль бір реттік шара емес екенін айтты. Бұл дәстүрлі болады және халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілуі жоспарланып отырғандығын мәлімдеді.
"Мемлекеттің трансформациясы, менің ойымша, елорданың шет аймақтарынан бастау алады. Біздің фестиваль осы процестің басталуына серпін беретініне сенімдімін. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қуатты мемлекеттің қалыптасуы Үкіметтің жұмысына ғана емес, ең алдымен әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. "Үркер" тұрғын алабында ерен еңбегі еленіп, көптеген азаматтар тұрып жатыр", - деді Назгүл Макжан.