Биыл елордада спортпен айналысу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру айтарлықтай артады
24.02.2022
Елордада 13 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен белсенді айналысады, 8,5 мың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады, олардың 11-і Астанада. Бүгін біздің қаламызда № 7 балалар спорт мектебінің жанынан ашылған жаңа спорт залы өз есігін айқара ашты. Қошқарбаев 60 мекен-жайында орналасқан Спортзал 8.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда сабақтар спорттың 9 түрі бойынша өткізіледі: джиу - джитсу, панкратион, киокушинкай - каратэ, самбо, каратэ - до, таэквондо, кикбоксинг, қазақ - күресі және шинкоикушинкай - каратэ. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Жалпы 300 адамды құрайды. Спорт мектебіне жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады. Барлық сабақтар мүлдем тегін. Мұндай залдар жыл соңына дейін "Жағалау" шағын ауданы мен "Промышленный"тұрғын алабында салынады. Бұдан басқа, "Үркер" және "Железнодорожный" тұрғын үй алаптарында дене шынықтыру - сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. 2022 жылы спортпен айналысу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру 17 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайтылады.